192
Тағылым тамшылары
әлгінің басынан бір ұрыпты. Басы жарылған дінсіз
бірден биге жүгініпті. Би ғалымнан сұрапты:
– Басынан кірпішпен ұрғаның рас қой?
– Маған үш сұрақ қойған еді. Мен сол сұрақтарына
кірпішпен жауап бердім, – депті ғалым.
– Қалай сонда?
Таңғалған биге ғалым өз ісінің астарын былай деп
түсіндіріпті:
– Біріншіден, «Аллаһ бар болса маған көрсет» деп
сұрады. Басының ауырғаны рас болса маған көрсетсін
кәне? Екіншіден, «Маңдайына Аллаһ жазып қойса
адам неге жазаланады?» деді. Басына кірпішпен ұрылу
жазылса, мені неге Сотқа берді? Үшіншіден, «Өзі от-
тан жаратылған шайтанға тозақ оты қалай әсер етеді?»
деп сұрады. Оған да жауап бердім: Өзі топырақтан жа-
ратылса топырақ кірпіш оған қалай әсер етті?
Қисынды жауапты естігенде сот ғалымды еркіне
қоя беріпті.
Ақ ит пен қара ит
Немересімен күн шуақта отырған қарт сонадай
жерде бір-бірімен ырылдасудан-ақ шаршамайтын екі
итіне сырттай көз тастап отырды. Екі иттің біреуі қара,
біреуі ақ еді. Бала ес білгелі әлгі иттер атасының аула-
сында ылғи да ырылдасып жататын. Неге екені белгісіз,
бұларды атасы қасынан бір елі ажыратқан емес. Бір
үйді күзеткенге бір-ақ ит те жетпей ме, екеуінің түрі
неліктен екі түрлі деген ойлар бала санасын көптен
бері мазалап жүргендіктен осы жолы ептеп атасынан
сұрауды жөн көрді.