Previous Page  194 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 194 / 208 Next Page
Page Background

194

Тағылым тамшылары

– Күн сайын бір күнәдан істесем осыншама көп

күнамен қай бетіммен Аллаһтың алдына барам?! – деп

жанын қояр жер таппай егілген ол сол мезет талып

қалыпты.

Есін жиғанда жаңағы нәрсе қайта есіне түсіп,

қайтадан талықсып кетіпті. Маңайындағылар оятуға

тырысқанда оның өліп қалғанын бір-ақ біліпті.

Иә, біздің күніге қанша күнә істепжатқанымызды

кім білсін? Соңымыз не болар екен? Аллаһ бәрімізді де

кешірсін!..

Тесік шелек

Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін

ағашпен су таситын болса керек. Алайда екі шелектің

біреуі тесік екен. Бүтін шелек өзіне құйылған суды

қожайынның үйіне сол күйі шашау шығармай жеткізеді

екенде, ал тесікшелек болса, толтырыпқұйылған судың

үйге жеткенше жол бойы сыздықтатып отырып, әрең

дегенде жартысын ғана апаратын көрінеді. Бұл жағдай

дәл осылай тұп-тура екі жыл бойы жалғасыпты. Су

тасушы күн сайын қожайынының үйіне толықтай екі

шелек емес, бір жарым шелек қана су жеткізіп жүріпті.

Саушелек өзінің қалтқысыз қызметін мақтаныш көрген

сайын тесік шелек байғұстың іштей мұңайғаны сонша,

жерге кіріп кете жаздап ұялып, өзін қатты ыңғайсыз

сезінеді екен.

Екі жыл өтіп, бір күні әдеттегідей өзен жағасына

тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушыға

қысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп

едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздай-

мын», – депті назарын төмен салған күйі. Таңғалған