Previous Page  189 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 189 / 208 Next Page
Page Background

189

Таңдамалы әңгімелер

Бәрі бірауыздан қоштағанда, Ермек қана қарсы

шықты.

– Ол дұрыс емес, – деді ол өз ойын бүкпестен, –

егер көп пайдаға кенелейік десек, онда алдымен шүкір

етуіміз керек. Содан кейін дән жерден нәр алып, өсуі

үшін, кейін берекетті боп, бәрімізге пайдалы болу үшін

дұға оқуымыз керек. Жемісті жинаған кезде қажетінше

көрші-қолаңдарға да үлестіргеніміз жөн.

Бұны естіген ағалары кішкене Ермекке дүрсе қоя

беріп, ұрса жөнелді.

– Шынашақтай боп ақыл айтқышын өзінің! –

десті.

Арада біраз жыл өтті.

Шаруа балалары бір күні егінжайға барғанда өз

көздеріне өздері сенбеді. Еккен бидайлары шықпай жа-

тып қурап, түкке жарамсыз боп қалыпты. Олар өздерін

жұбатып:

– Бұл жылы жаңбыр жөнді жаумады, – десті.

Кішкене Ермек қана істің астарын сезгендіктен,

әлгі айтылғанға мырс етіп күліп, басын шайқады.

Өйткені ағалары бұл жылы егін егерде дұға оқымақ

түгілі «бисмиллаһты» да ауызға алмаған болатын.

Сөйткенше жиын-терін науқаны да келді. Ағалары

ауылдағы ешкімге тіс жармастан, ертеңгісін ертемен

тұрып бақшаға барды. Бұл жерде де қатты өкінішке

ұрынған олар шарасыздықтан жағаларын ұстасты.

Өйткені аяқасты шыққан өрт бүкіл бақты сол күйі көк

түтін мен күлге айналдырыпты.

Екі көзге ерік беріп, бәрі отырып жылай бастады.

Ермек қана жігерлендіріп, оларды жұбатты: