Previous Page  190 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 190 / 208 Next Page
Page Background

190

Тағылым тамшылары

– Зиянға енді ұрынбаудың жолын қарастырайық,

– деді ол аузы күйген ағаларын ақылға шақырып, –

Келіңдер тойымсыздық пен ашқарақтықты қойып,

одан да әкеміздің жолымен жүрейік!

Ағалары оның айтқанына көніп, қателіктеріне

өкініш білдіріп тәубаға келісті. Бұдан кейінгі уақытта

тер төгіп еңбек етіп, берекетті Аллаһтан күтетін болды.

Аллаһ тағала да, әрине, өзіне қол жайып, күндіз-түні

тілеу тілеген жандардың тілегін қалыс қалдырмасы

белгілі. Олардың да тілегін қабыл алды. Көп өтпей-

ақ мол ырысқа қайта кенелген олар бүкіл ауыл болып

бақытты өмір сүре бастады...

Иә, қасиетті Құранда жазылған «Шүкір ете

білгенде ғана Жаратушының несібе-ризықты арт-

тыратындығы» осындайда анық ұғылса керек.

Қабірден қорқу

Өлгенде қабірге түсетіндігінен қатты қорыққан

бір бай қайтыс боларының алдында былай деп өсиет

қалдырыпты: «Кім де кім мен өлгенде қабіріме бір түн

қонып шықса, сол адамға байлығымның тең жартысын

қалдырамын!»

Айтқандай-ақ көп уақыт өтпей бай қайтыс бо-

лыпты. Байды қабірге қоярда оның өсиеті бойын-

ша жақындары қабірге бірге қонып шығатын адам

іздестіріпті. Бірақ онымен бірге барып қонуға ел ішінен

ешкімнің жүрегі дауаламаса керек. Бұған елдің жүгін

тасып күнелтіп жүрген, бір құлаш арқанынан басқа

түгі жоқ сіңірі шыққан бір кедей ғана көніпті.

Әлгі кедей баймен бірге қабірге түсіп жатады.

Кеш бата ел аяғы саябырсығанда екі періште келіпті.