Previous Page  185 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 185 / 208 Next Page
Page Background

185

Таңдамалы әңгімелер

Зерек бала

Сол күні ертеңгісін күн арқан бойы көтеріліп,

жер бетіне ерекше бір жылылық төге бастады. Қали

аға таңғы намазын оқи сала бірден жолға шықты.

Егіс алқабына жетер-жетпестен басын көтеріп, күнге

қарады.

– Құдайға шүкір, – деді сосын ақырын ғана

күбірлеп.

Мәшинеде отырып ұйқысынан енді оянған кішкене

Ермек таңғалғанын әкесінен жасыра алмады.

– Қараптан қарап тұрып неге шүкір еттің, әке?

Қали аға күлімсіреген күйі баласына көз тастап:

– Шүкір ылғи да айтылуы керек, балам, – деді, –

өйткені біз Аллаһ тағала нәсіп еткен нығметтерді ылғи

да өз кәдемізге жаратамыз. Саған бес минут дем жет-

пей қалса, не болар еді?

Ермек иығын қиқаң еткізіп, ернін тістеледі.

– Қайдан білем, онда өліп қалатын шығармын..

– Міне, көрдің бе? – деді әкесі сөзін жалғап, – бізде

шүкір етуге татитын жақсылықтар өте көп...

Сөйтті де терең тыныстап:

– Жаңа мен қызыл арай күн үшін шүкір еттім, –

деді.

Ермек әлі де әкесіне таңырқай қарап, одан көз алар

емес. Әкесі сөзін қайта жалғады:

– Күн болмаса жердегі дән жан алып, өспес еді..

Ермектің ұйқысы шайдай ашылып, бар ойының

астаң-кестеңі шықты. Шынымен де, жерге еккен дән

өспей қалса, адамдар мен қоса бүкіл жан-жануарлар

аштан қырылмай ма?! Онда мынадай жайма-шуақ өмір

де болмас еді.