197
Таңдамалы әңгімелер
ды тапсырды. Балалардың қастарына барып, кішкене
әңгімеге тартып, олардың қай мектептен екендіктерін
білген полиция қызметкері бірден жатақханаға теле-
фон соқты. Айдар ағай мәшинесіне отырып, пой-
ыз жүрмей тұрып дереу келіп үлгерді. Оқушыларды
алып жатақханаға келді. Осы жолы жақсылап тұрып
сыбағаларын бермекші. Өйткені бұған дейін де талай
мәрте ескертілген. Жатақханаға жақындағанда мектеп
директоры алдарынан шықты. Айдар ағай оқушыларды
өзі жазалаудан бас тартып, мән-жайды түгелдей мек-
теп басшысына баяндады. Ол бірден: – Айдар, – деді,
– маған үш темір шыбық әкелші, қазір сабағым бар,
сабақтан кейін мына үшеуі сыныпқа келсін. Сен бар да
мен айтқандай үш темір тауып кел!
Айдар ағай кетіп бара жатып «Ой, сұмдық! Үш
темірі несі, ағаш емес қой ол сынып қалатын. Бір ағаш
таяқ та жетпей ме?!» деп ойлады, артынша «Әй, бір
білгені бар шығар?!» деп айтқанындай үш темір іздеуге
көшті.
Аздан кейін үш темір шыбықты да тапты. Дирек-
тор да сабағын бітірді. Үш оқушының көздері шарасы-
нан шыға қатты қорықты. Операция алдындағы ауру
адамдай тізелері қалтырап, жүректері аузына тығылды.
Директор бұларға қарап: – Жүріңдер, – деді қатуланып,
– кіріңдер ана сыныпқа!
Бәрі бірдей сыныпқа кірді. Алайда мектеп басшы-
сы еш күтпеген оқыс қимыл жасады. Қасындағы ағайға
қарап:
– Әй, Айдар, – деді, – шеш үстіңдегі жейдеңді.
Мен де шешем. Ал сендер мына үш темірді алыңдар.
Таяқты сендер емес, сендерге жақсы үлгі-өнеге көрсете