Previous Page  203 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 203 / 208 Next Page
Page Background

203

Таңдамалы әңгімелер

дыруы сен үшін қайғы емес, қайта қуаныш болды, –

десіпті.

Сонда қарт:

– Сендер-ақ, әйтеуір, тон пішіп тез шешім айтуға

құмар екенсіңдер, – деп тағы ренжіпті.

– Әзірше бізге мәлім бір-ақ шындықтың бар екені

белгілі, ол – менің баламның қасымда, ал сендердің

балаларыңның әскерде екендігі. Алайда бұлардың да

түбінде қайсысы бақ, қайсысы сор екендігін бір ғана

Аллаһ біледі, – деген екен.

Лао Цзу әңгімесін мынадай насихатпен аяқтапты:

«Асығыс шешім айта салмаңдар! Өмірдің аз

ғана бөлігіне қарап тұтасын бірден кесіп-пішпеңдер.

Ақылға салып, әбден саралап барып қана шешім

айтқан жөн. Әліптің артын бақпастан тон пішуге

әдеттенбеңіз. Бірақ сонда да ақыл-ойдың адамды ылғи

да тиянақты бір шешімге итермелейтіндігі шындық.

Өйткені бір шешімге келе алмай әрі-сәрі күйде жүру

адамды сергелдеңге салады. Ал өмірдегі саяхаттың

жалғаса берері сөзсіз. Бір жол бітсе, екінші жол енді

басталады. Бір есік жабылса, екінші бір есік ашылар.

Бір мақсатқа қол жеткізсеңіз, екінші бір одан да биік

мақсаттың қол бұлғап шақырып тұрғанын көреріңіз

даусыз. Сондықтан беті көрінген мұзтауының (айс-

берг) астына да көңіл аударыңыз».