164
Тағылым тамшылары
Тақуалық
–
қашанда өлімге даяр жүру. «Күндік
несібе Құдайдан» деген сөз де осындай тақуа кісілердің
айтқаны болса керек..
Шындықтың құдіреті
Бір қатігез әкім бар еді. Осы әкім бір күні
қызметшілерін жіберіп рухани алып, әулие кісі Хасан
Басриді ұстатпақ болды. Ол кезінде шәкірті болып,
дәрістерін тыңдаған Хабиб-и Ажемидің күркесіне ба-
рып жасырынды.
Әкімнің адамдары келіп қатуланып:
– Хасан Басриды көрдің бе? – деп сұрады.
Хабиб-и Ажеми болса:
– Иә, – деді жай ғана.
– Қайда ендеше?
– Міне, мына күркемнің ішінде отыр...
Қызметшілер күркеге кіріп Хасан Басриды
іздегенмен таба алмай сыртқа шығып: – Әй, ақсақал,
неге өтірік айтасың? – деп дүрсе қоя берді.
Хабиб-и Ажеми:
– Жоқ, мен өтірік айтқан жоқпын. Өздерің көре
алмасаңдар, мен қайтейін? – дейді.
Олар қайта ішке кіріп, алақандай күрке ішін қанша
қарағанмен, бұл жолы да таба алмады.
Әкімніңжандайшаптарыкеткенненкейінкүркеден
шыққан Хасан Басри:
– Ей,Хабиб!СеніңқұрметіңеболаАллаһтағаланың
мені әлгілерге көрсетпегенін білем. Алайда менің ор-
нымды неге айттың? Ұстаздық ақымды ескермегенің
қалай? – дейді ренішпен.
Сонда Хабиб ұялған пішінде: