Previous Page  163 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 163 / 208 Next Page
Page Background

163

Әулие-абыздар

соғысқан болса, сол ғана шейіт болды, – деп жауап

берген екен.

Қашанда қай істе болмасын түпкі ниет аса

маңызды. Шейіттіктің де ниетке байланысты екені

сөзсіз.

Күндік өмірің болса...

Мекке...

Жол шетінде қарт кісі мен жас жігіт шүйіркелесіп

өзара әңгімелесіп отыр. Алдарынан жақсы киінген бір

кісі шықты. Әлгі кісі келген бойы жас жігітке бір кесе

алтын ұсынды.

Жігіт:

– Рақмет, – деді, – маған оның қажеті жоқ!

– Сонда да, ал, – деді әлгі кісі, – қаласаң

өзіңе жаратарсың, қаламасаң кедей-кепшіктерге

үлестірерсің?

Жігіт көп сөз таластырып жатпастан ала салды.

Бір кесе алтынды тұтастай сол күні-ақ өзі білетін мұң-

мұқтаж кісілердің бәріне таратып берді.

Қарт кісі ертесі күні кешегі қасында отырып

әңгімелескен жас жігіттің біреуге қыжалатын айтып

көмек сұрап тұрғанын көріп:

– Балам-ау, өзіңнің де ақшаң жоқ екен. Кешегі

қолыңа тиген алтыннан өзіңе де алып қалсаң болмас

па еді? – дегенде, жас жігіт жұлып алғандай:

– Мен таң атса болды кешке дейін өмірімнің жетер-

жетпесіне ешқашан сеніммен қарап көрген емеспін, –

деген еді.