158
Тағылым тамшылары
кесіп алдым. Сол етті қазанға салып қайнатып, бала-
ларды жұбатып отырған жайым бар. Егер адал ештеңе
таппасам, осы арам еттен бермеске басқа лажым жоқ.
Қаласаңыз, сізге де берейін. Бірақ аштықтан өліп бара
жатқандарға ғана болмаса, бұл тоқтықта отырған
сіздерге харам ғой», – деген еді.
Али ибн Муаффақ сөзін жалғастырды: – Бұны
естігенде жүрегімді біреу тіліп жібергендей қатты жа-
ным ашыды. Әрең жинаған 300 дирхәмымды қолма-
қол соған ұстаттым да «Я, Аллаһ тағала! Өтей алмасам
да менің қажылық ниетімді қабыл ала гөр!» деп дұға
еттім, – депті.
Бұны естіген Абдуллаһ ибн Мүбәрак:
– Ендеше, Аллаһ тағала түсімде маған рас
білдіріпті, – деген екен.
Құлшылық пен құрмет
Әбу-л- Хасани-л- Харқани әңгімелеуде:
Ағалы-інілі екі жігіт бірге тұратын. Олардың
күтімге зәру кәрі шешелері бар еді. Түннің бір уағына
дейін жігіттердің біреуі анасына қызмет етіп, зыр
жүгіретін де, екіншісі қол қусырып Құдай алдындағы
құлшылығын орындап намаз оқитын. Күн сайын
құлшылық жасап көңлі рухани шабытқа шалқыған
ағасы бір күні кеш бата інісіне:
– Шешемізге бүгін де өзің қарашы, – деді, – мен
күндегідей таң атқанша ғибадат жасайын.
Інісі келісті.
Ағасы ғибадат жасап отырып ұйықтап кетті.
Таңғажайып түс көрді. Түсінде бір дауыс оған: «Ініңе