Previous Page  155 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 155 / 208 Next Page
Page Background

155

Әулие-абыздар

тұрған бір араб құлды көріп жаным ашып сатып ал-

дым.

Бір күні бұл құлдың қасына араб біреулер келіп

өзара жасырын күбірлесіп сөйлесе бастады. Құлдан

олардың не айтып жатқандықтарын сұрадым. Құл еш

жасырмастан:

– Мен Марокка сұлтанының баласы едім.

Әкем Эфиопиялық бір патшамен соғыста жеңіліске

ұшырағандықтан мен соларға тұтқынға түстім. Олар

мені осы жаққа әкеліп құл есебінде саған сатты. Енді,

міне, әкем мені іздетіп жатқан көрінеді. Сатып болса

да тауып әкелсін деп бұлардың қолдарына елу мың

алтын ұстатыпты. Сен маған көп жақсылық жасадың.

Саған қарыздармын. Сондықтан мені сатсаң, елу мың

алтыннан кемге сатушы болма, – деді.

Айтқанындай әлгі құлды елу мың алтынға саттым.

Байып, Бағдатқа барып дүкен ашып, түрлі заттар са-

тумен айналыса бастадым. Бір күні бір танысым келіп

«Атақты бір саудагер досым қайтыс болды. Үріп ауызға

салғандай әдемі қызы жетім болып қалды. Қаласаң, сол

қызбен таныстырып екеуіңді үйлендірейін» деді. Мен

келістім. Екеуміз үйлендік. Қыздың артынан келген

төсек-орынға көз салғанымда табақ атаулы алтынға

лық толы екен. Бәрінің бүйірінде «Мың алтын» деген

жазуы бар. Бірақ бір табақтың ғана бүйіріндегі «Тоғыз

жүз жетпіс алтын» деген жазуға көзім түсті. Оның

мәнісін сұрағанымда, қыз: – Әкем Қағбаға тауап етіп

жүріп мың алтыны бар бір кесесін жоғалтып алыпты.

Соны тауып берген жаны жомарт кісіге сүйінші ретінде

отыз алтынын ұстатыпты. Бұл табақтағы алтынның

тоғыз жүз жетпіс болып тұрған кемдігі сол, – деп