Previous Page  159 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 159 / 208 Next Page
Page Background

159

Әулие-абыздар

үлкен кешірім жасадық. Ініңді сыйлағандықтан, сені

де кешірдік» деген еді.

Ғибадат жасаған жігіт бұған таңғалды, сөйтті де:

– Қалайша? – деп сұрады, – мен болсам күн демей

түн демей Аллаһқа құлшылық жасаймын. Інім болса

жай ғана шешемді күтумен болады. Ініме деген құрмет

үшін мені кешіргендеріңіз қалай?

Өктем үн қайта естілді:

– Иә, – деді сосын, – Сен жасаған құлшылықтарға

біз зәру емеспіз. Алайда қол күтімге анаңның қатты

зәру болып отырған жайы бар…

Шайтаннан қорғану

Тақуалығымен танылған құлдардың бірі Сүфиян

Сәури бұ дүниелік дәм-тұзы таусылуға жақын өмірінің

соңғы сәттерінде жастығының астынан бір кесе

шығарды. Іші толған алтын. Жанындағы достарына: –

Мынаны садақа ретінде таратыңдар, – деді.

Бұл жайтқа достары таңғала:

– О, тоба! Біз білетін Сүфиян Сәури бұ дүниелік

еш нәрсеге пысқырып қарамаушы еді, осыншама

байлықты сақтап келгендігінің себебі не болды екен?

– деп бір-біріне қарасты.

Олардың таңданысын байқаған Сүфиян Сәури өз

ісінің астарын сонда былай деп түсіндірген екен:

– Мен бұл ақшамен дінімді қорғаштадым. Шай-

тан мен нәпсімнің аузын аштырмадым. Қашан нәпсім

мен шайтан маған: «Ей, сіңірі шыққан пақыр, қашанғы

киер киім мен ішер асқа жарымай жүре бересің? Одан

да ақша тап!» деп маған дүниелік желік берген сайын

мен оларға алтын толы кесемді көрсете маңайыма жо-