Previous Page  160 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 160 / 208 Next Page
Page Background

160

Тағылым тамшылары

латпаушы едім. Бұл алтындарды мен соларға қарсы

қару ретінде қолданып келдім...

Алтындар садақа ғып үлестірілгеннен кейін,

Сүфиян Сәури де алаңсыз мәңгілікке көз жұмды..

Несібе дұғамен келе ме?

Бір кісі қатты күйінген күйі Имам Садыққа (а.с.)

келіп:

– Кедейшіліктің зарын тартқан мендей-ақ болар.

Көбірек рызық берсін деп Аллаһқа дұға етіңізші? –

депті жалынып.

Сонда Имам тұрып: – Жоқ! – депті, – саған

ешқашанда бұндай дұға ете алмаймын!

Әлгі кісі күтпеген бұндай жауапты естігенде: –

Неге? – деп сұрапты.

Сонда Имам Садық:

– Бұл мәселеде Аллаһ тағаланың өзі жол көрсетпеді

ме? «Рызық-нәсібелеріңді жатпай-тұрмай іздеңдер,

табыңдар!» деп бұйырмады ма? Ал сен болсаң үйде

жатып алып дұға жасай салып рызық-несібем маған өзі

келсін дейсің. Осы да жөн бе?! – деп ұялтқан екен.

Әбабил құстарының жеңісі

Хабашистан (Эфиопия) патшасының Йемендегі

басшысы Әбраха миләди 570- жылдары Сана

қаласында «Құллейс» деп аталатын керемет бір шіркеу

салдырды. Ойы – Қағбаға барушыларды осы шіркеуге

қарату. Оның бұндай ниетін жақтырмаған біреу түнде

әлгі жаңа салынған шіркеуге кіріп, дәрет сындырып

кетті. Ертесі бұған қатты ашуланған қарадүрсіндеу

христиан Әбраха атой салып, Қағбаны тас-талқан ғып