Previous Page  149 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 149 / 208 Next Page
Page Background

149

Әулие-абыздар

барғанда ұялып жерге қарамас үшін. Алайда олар да

жұмыр басты пенде. Сені мен менен артықшылығы

жоқ. Ал енді сенен сұрайын, о дүниеге барғаныңда

осыншама күнәла-рыңмен, осыншама кінәларыңмен

пайғамбарлар мен небір әулиелердің жанында Аллаһ

тағаланың алдына шығып есеп беруге ұялмайсың ба?..

Әулиенің сөзі сүйегінен өткен төре баласы

ат тізгінін бірден қызметшісіне ұстатып өзі бұдан

былайғы өмірін бұ дүниелік өткінші ләззаттарға ал-

данбай, әулиенің етегінен ұстап, тақуалық жолмен

өткізуге табан астында уәде берген екен.

Ұлы Жаратушы бәрімізді де айтылған ақиқатқа

мойынсұнатын жақсылық сүйгіш иманды құлдарынан

қылғай! Әумин!

Әулиенің кішіпейілділігі

Үлкен әулиелердің бірі Ибраһим Әдхам

әңгімелеуде:

Әкем Хорасан Бәлх басшыларының бірі еді.

Бір күні атқа мініп аң аулауға шықтым. Алдымнан

шыққан түлкі ме, қоян ба, әйтеуір, бір аңды қуып бара

жатқанмын. Бір уақытта ту сыртымнан: «Әй, Ибраһим!

Саған әмір етілген іс бұл емес. Сен мұндай тірлік

үшін жаратылған жоқсың!» деген дауыс естілді. Жан-

жағыма қанша қарағаныммен ешкімді көре алмадым.

Кейіннен дәл осы дауысты алыстан және жақыннан екі

рет тағы естідім. Сол сәт ойландым да, іштей былай

деп түйдім: «Бұл маған білдірген аян болар, мүмкін

Аллаһ тағаланың ескертпесі шығар. Не дегенмен бұдан

былай бұл теріс жүрісті қойып, Аллаһтың айтқанымен

ғана жүрейін».