Previous Page  110 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 110 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

және дыбысталуы сүйкімді, құлаққа жақсы тиетін сөздер бар

да‚ мағынасы жабық және дыбысталуы жағымсыз, құлақты

тырнайтын сөздер бар. Кейбірі тілдік ережеге сай келсе, кей-

бірі ережеге келіспейді. Сондай-ақ‚ мағыналарының қам-

тыған мазмұны және анықтығы жағынан сөздер әр түрлі‚

жалпылық немесе даралық, абсолютті немесе шектеулі,

ашық немесе астарлы болуы әбден мүмкін.

Сөздер сияқты құрылымдар да өзіне тән өзгешеліктер

болады. Онда да шын әрі ашық астарлы мағына орын ала-

ды. Сөздерінің арасында сәйкестік немесе сәйкессіздік табы-

луы мүмкін. Оңай түсінілгені немесе шиелінісіп, мақсатты

түсінуде тыңдаушының ақылын шаршататын күрделі

сөйлемдер болуы әбден мүмкін. Есім немесе етістік сөйлемі,

тілек (

инша

) немесе хабар мәнді, болымды немесе болым-

сыз (

нәфи немесе исбат

), қысқа немесе ұзын жолдардан бірі

таңдалады.

Бұдан басқа тілде орын алған жоғарыда айтылған мағына

түрлерінен кез-келген біреуін қолданудың, нақты түрде

әрқашан мақұл етілгендігі немесе қабыл етілмегендігі де ай-

тылмайды. Өйткені, орнына қарай ерекше сөз сөйлеу тәсілі

бар. Бір сөз орнына қарай лайықты немесе лайықсыз болуы

мүмкін. Сондықтан оны мазмұнға, мақсатқа, тақырыпқа

және тыңдаушыға қарай түрліше түсіндіру керек. Мінеки,

осы мәселелерге назар аудару қажет болмағанда, барлық

адамдардың сөздері бірдей болып, шешендік дәрежесін

оңайлықпен анықтай алмас едік. Бірақ‚ мәселе жағдайға

және тыңдаушыға қарай мүмкін болатын бұл тәрізділерден

оңтайлы біреуін таңдау лазым. Дәрежесі бірдей мәселе

ақылымен түсінігі аз біреуге бірдей жолмен түсіндірілмейді.

Ақайд негіздері - заңдық үкімдер (құқықтық тақырыптар),

қиссалар басқаша тәсілдермен түсіндірілуі керек. Қызулы

және күшті тартыс пен тыныштық жүйелі тәлім-тәрбие

ісі басқа-басқа тәсілдерді керек етеді. Сотқарларды және

112