Previous Page  113 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 113 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

кімнің назары мұншалықты әсерлі бола алады? Ол «Құранды

көк пен жердің сырын білетін Аллаһ түсірді»

(Фұрқан, 6)

- де-

ген баянындағыдай аса ұлы. Құран – адамзаттың көкжиегіне

ол арқылы туғанымен, оны өзіне баламай, оның тек қана

жеткізушісі болғандығын айтқан Хазіреті Мұхаммедтің

(алейһиссәләм) «Аллаһтың кәламы мен адамзаттың кәламы

арасындағы айырмашылық - Жаратушы мен мақлұқтың

арасындағы айырмашылықтай» - деген сөзі де мұны

түсіндіреді.

Сондықтан, келер тақырыптарда ғалымдарымыздың

мыңдаған томдық кітаптарына сыйғыза алмаған осы иғжаз

тәсілін теңіздің тамшысындай қысқаша түсіндіруге тырыса-

мыз:

Мүшриктер Құранды «сиқыр» деді. Сиқыр, яғни себе-

бі жасырын, әсері белгілі… Мұнымен оның әсер етуші күші

туралы айтылса, ия, ол бір сиқыр, адамды жеңеді, әдет-

дағдыларын да өзгертеді. Адамға ықпал етеді, жүрегі мен

қалауының арасына кіреді. Яғни қалауларына қарамастан

оған әсер етеді. Су тамшылары ағашта қалай көтерілсе,

адамның ойларына да солай өрістейді. Мүшриктер Құранды

«өлең» деген еді. Ия, ол бір өлең. Бірақ‚ сөздерінің қалып

және өлшемі мағыналарында‚ ал‚ мағыналарының әшекейі

болса, сөздерінде.

2

Мінеки осыдан Құрандағы сәйкестіктің

әсеріне таң қалып, «өлең» дегендер көп өтпестен оның өлең

өлшемдеріне жатпайтындығын көрді

Құранның баяндаушысын «жынды» деген еді. Ия, пі-

сіп-толған күйдегі үлкен ақыл - топас, таяз кішкентай

ақылдыларша есалаң саналады. Үлкен жұлдыздар дүниеден

қараған әлсіз көздерге нүкте секілді көрінеді. Қараса, құтты

сөздері, қараңғылықты жарық қылған шырақтар екен. Бұл

нұрды үрлеп сөндіргісі келді. Бірақ жұлдыздың жарығын

желдің өшіруі қалай мүмкін?

2

Сол туынды, 31-бет.

115