Previous Page  119 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 119 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

болмауының бір себебі де мынау: Баяны тұтастай мұғжиза

болған Құранның баяндау тәртібі әлем кітабындағы кере-

мет өнер тәртібін даусыз кемелді тәсілімен ашықтағанына

қарағанда Оның ұйқасты болмауының бір себебі мынау:

ҚұдайдыңхикметіҚұранаяттарыныңәрбірнәжміөлшемжәне

қалыппен шектелмесін‚ көптеген аяттарға бейне бір орталық

болсын әрі олардың (аяттардың) бауыры іспеттес болсын

(…). Сырттай тәуелсіз көрінген әрбір аяттың, бейне бір басқа

көптеген аятқа қараған бірнеше көзі, оған қарап тұрған жүзі

бар, онымен арасында бір байланыс бар. Сағаттың секундын,

минут және сағаттарды санаған халықтардың әрекеттері бір-

бірін толықтыратын, бір-бірін еске түсіретін, бірі екіншісіне

қарағаны және одан бөлек пікірде бола алмағандығы сияқты,

Құран сөйлемдеріндегі сөздердің өлеңінде (қатарласуында)

және сөйлемдердің орналастырылуында да осындай бір

тұрақтылық бар.

Мысалы: Ықылас сүресіндегі алты сөйлемнің үші мүсбет

(болымды) саналады: «Былай де: Ол – Аллаһ. Ол –жалғыз. Ол

– Самәд». Келесі үшеуі болса мәнфи (болымсыз): «Тумаған,

тумаған және Оған тең келер ешкім жоқ». Бұл сөйлемдер

тәухидтің алты мәртебесін дәлелдейді. Ал‚ шірктің алты

түрін де қайтарады. Әрбір сөйлем басқаларға әрі дәлел, әрі

нәтиже күйінде. Былайша: «Былай де: шын иләһ болған

(Аллаһ) – Ол. Өйткені, Ол - жалғыз. Өйткені, Ол – Самәд.

*

Өйткені тумаған». Соңынан бастасақ: «Оған тең келер ешкім

жоқ. Өйткені, Ол - тумаған. Өйткені, Ол - туылмаған. Өйткені

самәд. Өйткені жалғыз. Өйткені, Ол – шын иләһ (Аллаһ)».

Басқа бір жүйеде мынадай болады: «Ол – шын иләһ (Аллаһ).

Олай болса жалғыз. Олай болса самәд. Олай болса тумаған.

Олай болса туылмаған». Осылайша Ықлас сүресінде бейне

бір 30 ықылас сүресі бар. Аяттар мен сөйлемдер арасында

көптеген байланыстары бар.

*

Самәд – махлуқаттың, мұқтаждықтарын сұрайтын қамқоршысы дегенді

білдіреді.

121