Previous Page  114 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 114 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

Арабтар Құран түскенде оның сөздерінің өздері біле-

тін сөздері екендігін, бұл мәселеде ерекше бір жағдайдың

жоқтығын көрді. Бірақ өлең (ұйқас) тәсілінде, құралу

түрлерінде, сөздерінде әріптердің тізілуінде, сөйлемдегі

сөздердің орналасуында қайран қалдыратын бір ерекше-

лік тапты. Сондықтан өз кәләмдарынан мүлдем басқаша бір

кәләм екендігін мойындады. Осыдан тілге шешен арабтар

Құранға ерегесуден үміттерін үзді. Өйткені, Құран – олардың

дәрмендерін тауысқан еді.

Ерегескен кісі жеткізу және баяндау жолдарының

барлық түрлерін біліп алып, алдынан шығатын әдемі сөздің

қарама-қарсысын тауып, ерегескен сөздің әсеріне ұқсас бір

әсерді тудыруы мүмкін. Шешендер негізі мұндайдан әлсіз

емес. Өйткені, олардың әрқайсысы адамның бір қасиетін ар-

нап үндеу жасаумен әсер жолын ұстана алады. Шешен адам

біреудің жеткізуіндегі сөз, тәсіл және мағына жағынан босаң

және әлсіз жерлерін табуда да епті. Бұл нүктелерді анықтап,

жеткізуде бұлардан қашқақтаса қарсыласын жеңе алады.

Осыдан келіп шешендердің жаратылысында осы қарсыласу

сезімі орын алғандықтан, ақындар мен жазушылар бейне бір

әсер ету жарысына қатысқандай жағдайда. Әдебиет сыншы-

лары да осыларды бағалаудан қолдары босамайды.

Бірақ ендігі қарсыласатын сөз - әріптері, сөздері,

сөйлемдері, мағыналары және тәсілдері өзгеше Құран

болғанда онымен қарсыласа алмайтындығын ең алдымен өте

жақсы түсінген шешендер болды.

Өнер бейнесінің таза түрі рухта сезіледі. Өнерпаз оны бей-

нелегенде біз ұнатамыз. Бірақ ол, бейнелеген туындысынан гөрі

өз рухында сезінген кемелдікті, қиялындағы көріністі толық

мағынасыменқалағанкемелдіктежеткізеалмасадасолкөріністі

ұнатады. Өйткені бір сезім рухта сезілген сайын, онда рухтың

кемелі артады. Оның мүшелермен жеткізілуінде, мүшенің кем-

116