

“Хикмет”
баспа үйі
ашушаң болғандығы кәламынан байқалады. Кәлам иесінің
пікірі бейнесінен тұрады. «Услуб-и баян, айныйла инсан»
яғни баян тәсілі - адамның дәл өзі деген қанатты сөзі көп
мөлшерде бұл шындықты баяндайды.
Бертін кездердегі араб әдебиетіндегі ең танымал
бейнелердің бірі - М. Садық Рафий (ө. 1356/1937), ұзақ
уақыт жалғасқан зерттеулерінде бұл тәсілді қолданғандығын
және жазушының тәсілінен оның көптеген сипаттарын таба
алғандығын айтады.
1
Мысалы: Күйгелек тәсілдердің өте
алдыңғы жағында болған Жахыздың (ө. 255/869) тәсілімен
бір нәрселер жазу жуас мінезді жазушыдан талап етілсе,
оның оны игере алмайтындығы, өзін қинап жазатындығы
анық байқалады. Адам жаратылысын өзгертуге болмайтыны
сияқты, жазу тәсілін өзгертуге де шамасы жетпейді.
Міне Құран тәсілі өзін бірден ерекшелетіп танытса,
бұл оның адамның туындысы еместігін көрсетеді. Егер
адамның туындысы болса, өзінен бұрынғы немесе кей-
інгі арабшадағы тәсілдердің біріне ұқсайтын болар еді.
Сондықтан Құран түскен кезеңдегі шешен арабтар мұны өте
жақсы түсінгендіктерінен ерегесу жолын ұстанбай,
тәхадди
(Құранның жекпе-жекке шығуы) алдында бастарын иді.
Өйткені мәселенің тек дәреже айырмашылығынан ғана
емес, мазмұнының айырмашылығынан да көрініп тұрғанын
көрген.
Мақлұқаттың барлық күйлерін білетін жалғыз Аллаһ
Тағала болғандықтан Оның кәламы - ол жағдайлардың қажет
еткен барлық‚ сансыз байланыстарын қамтыған.
Алимул-
ғайби уәш-шәһада
(адамдарға көрінетін және көрінбейтін әр
нәрсені білетін) болған Аллаһтан басқа кімнің күші бұған
жете алады? Барлық уақыттар мен мекендерді, ғасырлар мен
нәсілдерді назарына бірден келтіре алатын Аллаһтан басқа
1
М. С. Рафий, Иджаз, 202-бет.
114