Previous Page  120 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 120 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

Аспанға қарағанда жұлдыздардың тізілуі ретсіз секілді

көрінгенімен де, шындығында нақ бір жүйе ішінде. Құран

аспанының әр аяты да нәжм-и сакыб секілді һидайәт нұрын

басып, күпірдің қараңғылығын таратып кетіреді.

9

Жаңа ғана

мысалдарда көрсетілгендей, оның ешбір сөйлемі немесе сөзі

орнынан қозғалтылмайды. Қалайша көктегі жұлдыздарға

қол жетпесе сол сияқты…

2) ҚҰРАННЫҢ ТЕҢДЕССІЗ ҮЙЛЕСІМДІГІ

Құранның баянында баурап әкететін бір үйлесімділік

бар. Бұл үйлесімділік:

а) Дауыс үйлесімділігінен.

ә) Лексикалық әдеміліктерден пайда болады.

а)

Дауыс үйлесімділігі:

Құранда сөздердің, әріптердің,

сүкун немесе харекелердің мәд және қасырлардың (ұзын және

қысқа буындардың) жүйесінде көрінген, құлаққа немесе рухқа

ұнаған бірырғағы бар. Арабша білмейтін біреудің өзі Құранның

оқылуынан біраз алыс жерде (әріптерге және сөздерге зей-

ін қоймай) тек оқылудағы сәйкестікке құлақ түрсе, білінетін

музыка мен өлеңнің әуендерінен басқа, әсерлі әрі өзгеше бір

үйлесімділікті сезеді. Өйткені, музыканың әуендері бір-біріне

ұқсайтындықтан,көпөтпестентыңдаушыжалығады.

Өлеңдеде

дәл сондай өлшем және ұйқастық жалғасып тұратындықтан

бұл да тыңдаушыны бір мезеттен кейін жалықтырады

.*

9

Б. Сайд Нурси, Сөздер, 144 бет және 388 бет.

*

«Құран неге кәдімгі өлең тәртібі мен ұйқастығын алмай, өзгеше бір

қалып тәртібін таңдады, кәдімгі өлең тәртібі жағымдырақ емес пе?», - деп

сұрайтын боларсыз. Біз бұған былай жауап берер едік:

Жәй өлең ұйқастығының жағымдылығы әр ұлттың ой-санасы мен

қалауының әр-түрлілігіне қарай ауысып отырады. Бәрінің көңілінен

шығу қиын нәрсе. Сонымен қатар жәй ғана өлең жолдары ретінде түссе,

кәпірлер пайғамбарды жәй бір мықты ақын деп ойлап қалар еді де иман-

нан нәсіптерін ала алмай қалар еді!» - дейді Шах Уәлиуллаһ Дыхлеуи (Әл-

Фәузуль Кәбир, 95-105 б.б.) Біз оған қосыла отырып, кем кеткен жерін де

айтып өтуге мәжбүрміз. Оныңкемкеткенжері Құранның өзінше ұйқастығы

мен жағымдылығы бар екендігі жайында бір ауыз сөз айтпаған.

122