Previous Page  157 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 157 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

ҚҰРАННЫҢ ИҒЖАЗЫ

Құран Кәрім Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу алейһи

уәсәлләм) ең үлкен мұғжизасы. Аллаһ Тағаланың адамзатқа

қияметке дейін жол көрсетуші ретінде жіберген соңғы

нұсқауының

мұғжиз

(алдындағыларын қайран қалдырып‚

оларды әлсірететін дәрежеде) болуын қалаған. Құранның

адамзат әлемінде Хақтың халыққа дәлелі болуын, тәңірлік

әлемнен келгендігіне қатысты белгілері болуын қалаған.

Адамды басқа жандылардан айыратын басты сипаттары –

ақыл және баян. Құранның иғжазы да осы ақыл мен баянның

аясында болған:

ن

�َ�َ�ْ�

ُا

�َ��

�َ�َ

ن

�َ��ِ�

َا

�َ�َ�

ْآن

�ُ�ْ�

َا

��

�َ�ُ �َ�ْ� �

��

ا

«Рахман Құранды үйретті. Інсанды жаратты. Оған баян-

ды үйретті»

(Рахман, 1-4)

.

Құран Не үшін Мұғжиз?

Өйткені, Құран - осынау орасан әлем кітабының әзәли

аудармасы. Әлемнің жаратылыс туралы белгілерін баян-

дайтын түрлі тілдердің мәңгілік аудармашысы. Көрмес

және көрнеу әлемнің тәпсіршісі. Аллаһтың есімдерінің

және сипаттарының жерде және көктегі жасырын рухани

байлықтарының ашушысы. Құбылыс жолдарының астын-

да жасырын тұрған шындықтардың кілті. Көрнеу дүниедегі

көрмес әлемнің тілі. Осынау көріністегі әлем пердесінің

артынан келген мәңгілік рахмандық ілтипаттардың және

әзәли сүбхандық үндеулердің қазынасы. Исламият рухани

159