Previous Page  161 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 161 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

ең маңызды орынды бай, қолбасшы, діншіл немесе өнерпаз

емес, ақын алатын. «Білетін адам»‚ данышпан ақын еді. Бір

ақынның өлеңжолдарымен қауымдар соғысты бастай алатын

да‚ соғысқа қызып кеткендер тағы да сол ақынның өлеңінің

әсерінде қалып бейбітшілік орната алатын. Мысалы: Тара-

фа’ның бір-екі жолы асқақтанған бір қауымды ұятты әрі

кінәлікүйгетүсірген.Қоғамныңойыдегенқаруыақындардың

қолында болатын. Жәрмеңкелерінде басқа заттар секілді

шешендік пен өлеңнің де құны көрсетілетін. Шешендік пен

әдебиет мәжілістері құрылып, атақты әдебиет сыншылары-

нан төрешілер, сарапшылар құрылып, нұсқалардың бағасы

мен құны белгіленетін. Шешендікте жарысу бір әдет еді. Не-

гізінде‚ Құран жекпе-жекке шақырмаса да жарысуға себеп

бар еді.

Кейбіреулері тек істі кешіктіру немесе сол сәтте «жағдай-

ды құтқару» үшін абстрактылы пікір ретінде «Қаласақ

мұндай сөздерді біз де айта аламыз»

(Әнфал, 31)

деп, «бізде де

бар» деп таласқан бала құсап, пікірлерін дәлелдеу үшін іске

кіріскен еді.

Бұл жаңа дауыстың үнін өшіру, кеңістікке жаңғырықсыз

қалдыру, қасиетін түсіру тілектері үшін болса да жарысула-

ры керек болатын. Өте жалынды сөздерді - қатты қиналған,

жаныжанған, өш пен сүйініш секілді сезімнің күшті әсерінде

болған кісілердің тілге келтіретіндігі баршамызға мәлім. Мі-

неки, мүшриктердің осы өшпенділіктері өзі оларды қатты

қарсыласуға итермелеуі керек еді.

Бұл жерде мынаны ерекше ескерту маңызды: Құранның

жекпе-жекке шақыруы бірдей сөздермен, бірдей тәсілмен

оның мәтініндегі шешендіктің ұқсасын келтіру емес. Басқа

сөздерде де ондай ұйқасын келтіру мүмкін емес. Өйткені,

баяндау тәсілі - сөйлеушінің сипаты, айнасы іспеттес. Әр

кімнің өзіне тән сөйлеу тәсілі бар. Өзінің сөзін басқасыныкіне

163