

“Хикмет”
баспа үйі
ратушы Аллаһтың бұл орасан істерінің алдында «Ұлылық
Аллаһқа тән!» деп пәлсәпәні лақтырып, Құранның хикметіне
үңіле бастайды.
Шешендік пен ақындық жаратылысы бар біреуге бұл аят
кәримә мынаны сілтейді: «Күн – жарқыраған бір ағаш. Пла-
неталары - қозғалушы жемістері. Бірақ‚ жемістері түспесін
деп өзі де қозғалатын бір ағаш». Яки күн - шаттанып зікір са-
лушы имам. Зікір алқасының ортасында шаттанып зікір ете-
ді және зікір еттіреді.
Бұл жерде: «Құранның барлық осы мағыналарды мақсат
еткенін және оларға нұсқағандығын қайдан біле аламыз?»
– деген сұрақ тууы мүмкін. Оған жауап мынадай: Құран -
қияметке дейін әр түрлі қатар халінде арт-артына тізілген
адамзат саптарына үндеген иләһи бір жол көрсетуші. Әлбетте
түрлі түсінік деңгейлеріне қарай көптеген мағыналарды
қамтиды‚ әрі сол мағыналарды мақсат тұтады. Тәфсир‚
ұсулүддин және ұсулүл-фиқх ғалымдарының бір ауыздан
келісіу және келіспеушіліктері дәлелденгендей арабшаға
және діннің негіздеріне сай болу шартымен шешендік-
те мақұлданған барлық жақтар мен мағыналар Құранның
мағыналарынан болады. Ол мағыналарға дәрежелеріне қарай
Құран бірнеше белгі қойған. Мағынамен байланысты болған
белгі не келесі сөз‚ не алдыңғы сөзден шығады. Немесе басқа
бір аятта сол мағынаға нұсқаған белгі болады. Біз білетін
мыңдаған томдық тәпсірлердің мазмұндары осы жәмийеттің
дәлелдері еді.
ә)
Мағынасындағы жәмийет
:
Құран аят кәримелері жақсы мінез-құлықтың әр түрін,
әлемдегі жоғарғы хикметтің басты қадірлі заңдарын,
адамзаттың әрі жекелік әрі қоғамдық өмірінің пайдалы
басты принциптерін иләһи мәліметтердің каталогтарын,
шешендіктің әр түрлі тәсілін, табиғи ілімдердің түйіндерін
169