Previous Page  171 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 171 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

«Олар ұлығаусар күнәлардан, жиренішті істерден аулақ,

кіші-гірім кінәлары болса да. Расында Раббыңның кешірімі

кең. Ол сендерді жерден жаратқаннан және шешелеріңнің

құрсағында жылбысқа жететіндегі кездеріңнен бастап әбден

біледі. Сондықтан өздеріңді пәк-кіршіксіз деп есептемеңдер.

Ол тақуалық еткендерді де жақсы біледі»

(Нәжім, 32)

.

«Көк пен жер тұтасқан бітеу еді, екеуін бөліп қойдық.

Күллі жандыны судан жараттық, кәпірлер мұны көрмей ме?

Сондай-ақ (Аллаһтың құдіретіне) сенбей ме?»

(Әнбиә, 30)

.

Топаннан кейін: «“Ей‚ жер, суыңды жұт! Ей‚ аспан,

(жаңбырыңды) сен де тоқтат!” делінді де, су тартылды, іс

орындалды»

(Һуд, 44).

«Ей‚ мү’миндер! Қолдарыңдағы құлдарың мен күңдерің,

балиғатқа толмаған балаларың таң намазының алдында

толмаған, түсте киімдеріңді шешкен (жататын) кезде, құптан

намазынан кейін – осы үш уақытта жандарыңа рұқсат сұрап

кірсін. Бұл сендердің (тәндерің ашылып қалатын) ұйятты

мезгілдерің»

(Нұр, 58)

.

«Ей, Мү’миндер! Бір қауым бір қауымды (бір топ енді бір

топты, бір адам енді бір адамды) тәлкек қылмасын. Бәлкім‚

тәлкек қылынғандар олардың өздерінен жақсы болуы

мүмкін. Сондай-ақ‚ әйелдер де бірін бірі келемеж қылмасын.

Бәлкім‚ келемежденгендер келемеждеушіден жақсы болуы

мүмкін. Біріңе бірің мін тақпаңдар, біріңе бірің жаман ат

(лақап) қоймаңдар. Иманнан кейін жаман ат пен шақыру

– барыптұрған сұмпайылық. Кім (мұнысына) тәубе қылмаса,

оның залым болғаны. Ей, мү’миндер! Көп күмәннан аулақ

болыңдар (үй іштеріңе және басқа адамдарға күмәнқор

болмаңдар), күмәннің кейбірі расында күнә болады. Біріңді

бірің аңдымаңдар, біріңді бірің ғайбаттамаңдар. Іштеріңнен

біреулер өлген туысының етін жеуге құштар ма? Әрине,

мұныжек көресіңдер. Аллаһтан қорқыңдар. Аллаһ шынында

тәубені қабылдаушы, өте мейірімді»

(Хұжурат, 11-12)

.

173