Previous Page  169 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 169 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

кім Оның рұхсатынсыз біреуге шапағат қыла алады?

Аллаһ олардың алдындағы (фәни дүниедегі) істерін де,

артындағы (бақидағы) істерінде біліп тұрады. Олар (Аллаһ

қалағандардан тыс) Аллаһтың білімінен ешнәрсені аңғара ал-

майды. Аллаһтың күрсісі (білімі‚ әкімшілігі) көк пен жерді

түгел қамтиды, көк пен жерді қорғау Оған ауыр келмейді, Ол

бәрінен жоғары, бәрінен ұлы»

(Бақара, 225)

.

«Шынында Раббыларың болғанАллаһ көк пенжерді алты

күнде жаратты, онан соң аршқа үкім жүргізді. Ол түнмен

(оның қараңғылығымен) күндізді жапты, түн мен күндізді

бірін-бірі қуалайтын (алма-кезек ауысатын) етті. Естеріңде

болсын, жарату, әмір-жарлық түсіруОған тән. Барша әлемнің

Раббы Аллаһтың дәрежесі ерек жоғары»

(Ағраф, 54)

.

«Ғайып қазынасының кілті Аллаһта. Оны Аллаһтың өзі

ғана біледі, құрлықтағы, теңіздегі нәрселердің барлығын

(Аллаһ) біледі. Төгілген жапырақтың Аллаһ білмейтін бірде-

бірі жоқ. Қараңғы жер астына көміліп қалған бір тал дәнек

болсын, қураған немесе жас өсімдік болсын, барлығы да кі-

тапта (ләухүл махфузда) жазулы»

(Әнғам, 59)

.

«(Ей, Мұхаммед!) Былай деп айт: “Мүліктің иесі болған,

ей‚ Аллаһ! Қалаған адамыңа мүлік бағыштайсың, қалаған

адамыңнан мүлікті аласың. Қалағаныңды әзиз‚ қалағаныңды

қор қыласың. Барлық жақсылықтың кілті өз қолыңда. Ра-

сында барлық нәрсеге құдыретің жетеді. Түнді күндізге,

күндізді түнге кіріктіресің (сонымен күндіз бен түннің ұзын-

қысқалығы маусымдар бойынша кезектесіп тұрады), сондай-

ақ өліден тіріні, тіріден өліні шығарасың, қалаған адамыңа

есепсіз ризық бересің»

(Әли Имран, 26-27)

.

«Дәндерді, ұрықтарды жарып көктетуші нағызында

Аллаһ. Өліден тіріні шығаратын, тіріден өліні шығаратын

да Аллаһ. Ендеше қалайша қыңырлыққа басасыңдар?

Қараңғыны жарып, таң атқызушы – Аллаһ. Ол дамылдауға

түнді, уақыт есептеуге ай мен күнді жаратты. Міне бұлар –

171