

“Хикмет”
баспа үйі
бәрінен үстем, бәрін білгіш Аллаһтың (өлшеулі) орналасты-
руы»
(Әнғам, 95-96)
.
«Сендерді жаратып‚ (өлген соң) тірілту тек бір адамды
жаратып‚ қайтадан тірілтудей ғана. Аллаһ расында естіп те,
көріп те тұрушы»
(Лұқман, 28)
.
«Рас, біз аманатты (парыздарды, шариғатқа) көк пенжер-
ге, тауларға ұсындық. Олар оны үддесіне алудан бас тартты,
одан қорықты. Оны адам баласы үддесіне алды – адам баласы
тым залым және топас қой»
(Ахзаб, 72)
.
«Олар Аллаһты нақ мәнінде тани алмады. Қиямет күні
жалпақ жер бүкілдей оның уысында болады, ал аспан әлемі
оның оңқолында бүктетіледі. Аллаһ олардың (мүшриктердің)
қосқан ортағынан пәк те жоғары»
(Зүмәр, 67)
.
«Кезінде Раббың періштелерге: “Мен жер жүзінде
(Әмірлерімді орындап‚ Менің атымнан іс жүргізетін) бір ха-
лифа (адамзат) жаратамын” деген еді»
(Бақара, 30)
.
«Онан соң аспандыжаратуға кірісті, ол бір тұман әлемінде
еді. Онан аспан мен жерге: “Ерікті, еріксіз түрде келіңдер
(әмірімді орындаңдар)!” деп пәрмен қылды. Ол екеуі: “Ерікті
түрде келдік” деп үн қатты»
(Фұссиләт, 11)
.
«Біз расында інсанды жараттық, оның нәпсісінің нені
жыбырлағанына (тілейтініне) дейін білеміз. Біз оған күре та-
мырынан да жақынбыз»
(Қаф, 16)
.
«“Адамзат бізді өздерінің сүйектерін жинай алмайды”
деп ойлай ма? Олай емес, оның (ең нәзік) саусақ сүйектерін де
құрап қалпына келтіре аламыз»
(Қиямет, 3-4)
.
«Ей‚ мү’миндер! Өздеріңе тіршілік беретін иманға
шақырғанында, Аллаһ пен пайғамбардың тіліне кіріңдер.
Аллаһтың адамның өзі мен көңілінің арасына дейін киліге
алатынын біліңдер. Аллаһтың алдына жиналатындықтарың
даусыз»
(Әнфал, 24)
.
172