Previous Page  162 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 162 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

ұқсата алғандар өте сирек шығады. Олар да ол сөздің тәсілін

толық меңгергендер қасында еліктеушіліктен аса алмай-

ды. Адамдардың Құранның ұқсасын келтіруде дәрменсіз

қалуларындағы мақсат мынау: сөз сөйлеу тәсілі мен баяндау

ерекшелігі қалай болса да шешендік пен баяндау жағынан

ақиқатты әсерлі түрде жеткізу тұрғысынан Құранның

деңгейінде бір сөз келтірулері еді. Бәрібір жазушылар мен

ақындар арасындағы салыстыру да осы жөнінде мағынамен

жасалған және жасалуда.

ИҒЖАЗ ТҮРЛЕРІ

Құран ілім, үкім және баян жағынан күллі мақлұқаттың

шама-шарқы жетпейтін бірнеше көркем қасиеттерге ие

болғандығынан иғжаз дәрежесінде болуы зәрулік қасиеті

болған және кесімді мәліметпен белгіленген иғжаздың

түрлерін белгілеу мәселесінде ғалымдар қайран қалған.

4

Бұл

тақырыпта пікір айтқан ғалымдардан кейбірі Құранның

иғжазын белгілі мәселелерге шектеп қойған. Бірақ‚ көптеген

ғалымдардың айтқандарындай иғжаз түрлерін шектемеген

дұрыс еді. Біз бұл түрлерге төменде тоқталамыз:

1) Шешендік пен тәсілі.

2) Мазмұнының байлығы (жамийеті).

3) Қамтыған негіздердің адамзатқа жеткіліктілігі.

4) Ғайб хабарларын беруі.

5) Әрқашан жаңа болып, болашақтағы ашылулардан ха-

бар беруі.

6) Құран уахиының Пайғамбарымыздың (с.а.у) қалауына

сай болмауы.

4

М. Абдуһ-М. Р. Рыда, «Тәфсирул-Мәнар» І, 198 - бет.

164