Previous Page  160 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 160 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

Құран өзі түскен ортаның тым дамыған мамандығы са-

налатын шешендікке байланысты мұғжиза етілген. Бұл

жағдайын бекіту үшін ең алдымен Құран жазушылар мен

ақындарға өзіне ұқсас бір сөз табуларың туралы жекпе-жек-

ке шақырды:

«Егер олардың айтқаны дұрыс болса,* (қисыны,

көркемдігі, баяндалуы) Құран сияқты бір сөз келтіріп көрсін»

(Тұр, 34)

‚ - деді де‚ оларға ұзақ мерзім берді. Бірақ олар жасай

алмады. Кейін негізсіз, ойдан шығарған нәрселер болса да

әсері мен шешендігі жағынан он сүренің ұқсасын жасаула-

рын білдірді:

«ОларҚұранды (Мұхаммедтің) өзі жасаған дейме? Оларға

айт: “Айтқандарың шын болса, Аллаһтан бөлек көмекке

шақыра алатындарыңды шақырып, сол сияқты он сүре жа-

сап көріңдерші!»

(Һуд, 13)

делінді. Олар оны да жасай алмады.

Содан тағы бір сүре жасауларын қалады:

«Немесе олар: “Құранды Мұхаммет өзі ойдан шығарған”

дей ме? (Ей, Мұхаммед! Оларға:) “Егер шыншыл болсаңдар,

Аллаһтан басқа шақыра алатын кісілеріңді шақырып, осын-

дай бір сүре шығарып көріңдерші? - де»

(Юнус, 38)

- делінді.

Мұны кейіннен Бақара сүресінің 23 - аят кәримасында да

қайталады. Оданкейін де олардың әлсіздіктерінАллаһТағала

былайша жария етті:

«(Ей, Мұхаммед!) “Егер адамдар, жындар осы Құранның

бір ұқсасын шығармақ болып жиналса, тіпті‚ біріне бірі

көмектессе де, оны жарыққа шығара алмайды»

(Исра, 88)

.

Бұл жекпе-жекке шақыруда ұқсасын келтіріп‚ бәсекеге

түсулері үшін маңызды себептер бар еді: Арабтардың ең көп

көңіл бөлген мәселесі - қызыл тіл еді. Қоғамдық өмірлерінде

3

Суюти, Итқан, ІІ 117 - бет.

* Яғни, «мүшріктер Құранның Аллаһ сөзі емес екендігіне сенімді болса..»

162