

“Хикмет”
баспа үйі
1) ШЕШЕНДІК ПЕН ТӘСІЛІ
Құран Кәримнің мұғжизалығы түрлі бағыттарда болу-
мен қатар‚ иғжазының ең жоғарғы түрі мәтініндегі шешен-
діктен туған тілдік иғжазында еді. Құранның бұл иғжазы
адамзаттың күш-қуатының үстінде. Мұның іске асырылуын
мына үш жолмен түсіне аламыз:
Бірінші жол:
Әлгінде ұсынғанымыздай, Құран түскен
қоғамның ортасында ең көп сұраныста болған нәрсе шешен-
дік еді. Өйткені‚ арабтар сауатсыз болғандықтарынан тарих-
тарын, мәдениеттерін, барлық қадір тұтқан нәрселерін жа-
зумен тіркеудің орнына өлең және шешендіктің арқасында
сақтап отыратын. Ибн Аббас (радиаллаһу анһу) бұл жайлы:
«Өлең - арабтардың құрылтайы (мемлекеттік тіркеу мекеме-
сі)» - деген. Бұл олардың тума қажеттері себебімен болған тіл-
дік жаратылыстары еді.
Арабтар тек қана өздерінің мақсаттарын жеткізе
алғандықтарын түсінеді. Ал‚ басқа ұлттарды сөз түсіндіре
алмайтын адамдар (ажәм) санайтынтұғын. (Араб тілінде араб
сөзі: сөзі және тілі ашық, анық; ал ажәм сөзі болса; тілі тұтық‚
көркем болған кісіге немесе ашық сөзді емес дегенді білдіреді.
Иғраб болса: Айтқан араб болмаса да «мақсатын дұрыс жет-
кізген» деген мағына береді. Сөздіктерден: әл-Уаситқа тиісті
сөздерге қараңыз).
Ұлы Раббымыздың хикметі - елшілеріне берген мұғ-
жизалардың олардың қоғамдарының ең алда кеткен
мәселелерінде іске асуын қалаған. Осылайша олардың
көңілдерін аудару және адамзат күшінің шегінің қай жерде
бітіп, иләһи құдіреттің көрінуінің қай жерде басталғанын
өте жақсы түсінуді қалаған болуы мүмкін. Өйткені, өзгеше
бір өнер туындысын лайықтылығымен қабылдау тек істің
маманына тән. Осы хикметке қоса сиқыршылығы дамыған
Мысырға жіберілген Хазіреті Муса (а.с.) мен медецинада
алға шыққан ортаға жіберілген Хазіреті Исаға (а.с.) берілген
165