Previous Page  193 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 193 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

секілді сфералық дененің айналасында бір нәрсені‚ мысалға,

шөлмекті айналдырған орам, нақ қазақша сөйлеммен “орау”

делінеді.

21

Ғылыми көзқарастарға қарағанда Құранды

тәпсірлеуден тартынған Сәйид Кұтұбтың өзі бұл аят

кәримәның тәпсірінде былай дейді:

Бұл тәкуир сөзі жер жүзінде көрінген нақты бір ақиқатты

суреттеуде. Жер шары өз білігінде күнге қарсы айналуда.

Жердің домалақ болған бетінен күнге қараған бөлігін жарық

қармтиды‚ әрі күндіз болады. Бірақ‚ бұл жарық жалғаса

бермейді. Өйткені‚ жер айналуда. Жер жүзі әрекет еткен

сайын түн басталады және үстінде күндіз болмаған бөлігі

қараңғылықпен бүркенеді. Жердің беті домалақ болғандығы

үшін үстіндегі күндіздер де айналады. Әрине оны қуалап

отырған түн де айналады. Бір мезеттен кейін басқа жағынан

күндіз басталады және түннің үстіне оранады. Бұл әрекет

осылайша жалғасады: «Түнді күндізге, күндізді де түнге ора-

ды». Қолданылған сөз бейнені сызып, жағдайды білдіртіп,

жердің мәнін және қозғалысын ашықтауда. Жердің шар се-

кілді болуы және айналуы осы сөзді (тәкуир сөзін) өте айқын

түрде тәпсір етуде».

22

Махмуд әс-Саууафқа қарағанда, дүниенің айналғанды-

ғынанемесе айналмағандығынақатыстыКітапта да‚ Сүннетте

де нақты дәлелдер жоқ. Тек қана‚ дүниенің айналғандығын

көрсеткен аят кәримәлар бар. Ол: «Тауларға қарап олар-

ды мызғымай тұр деп ойлайсың, бірақ‚ олар бұлт тақылетті

көшіп жүреді»

(Нәміл, 88)

- деген аят кәримәсын көптеген аят

кәримә арасынан дүниенің айналатындығын нұсқаған аят

кәримә деп есептейді.

23

21

Сол туынды, 138 - бет; Тәфсирул-Мәнар, І, 211 бет.

22

С. Кутуб, «Фи Зилалил-Құран», Зүмар сүресінің 5-ші аятының

тәфсирінде.

23

Ж. Кыржа, 141-142 беттер, н. 42.

195