Previous Page  188 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 188 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

Тек материалдықты ғана көрген‚ бір көзді Дәжжал секіл-

ді рухани көзі көр болып, дүниенің үлкен бір бөлігінде үкім

жүргізген осы заманғы Батыс мәдениетінің шындық пен

адамгершілік жағынан Құранға қарсы шыға алмағандығы,

оның (батыс) негізгі принциптері мен Құранның ережелері

арасындағы мына салыстырулар мен айғақталады:

Батыс мәдениеті қоғамдық өмірде тірек‚ тиянақ ретінде

қуатты қабыл етеді. Нысанасын “пайда” деп біледі. Өмірлік

көзқарас ретінде күресті таниды. Қауымдардың байланыста-

рын ұлтшылдық (фашисттік) тұрғыдан қолға алады.Мақсаты

- нәпсінің құштарлықтарын тойдыру және адамзаттың

қажеттіліктерін арттыру үшін кейбір ойын-сауық іспетті

мәні жоқ нәрселерді өндіру.

Алайда қуаттың жасайтын ісі өзгенің ақысын таптау‚

шапқыншылық. Мүдденің ауқымы әркімнің қалауына жет-

кілікті болмағандықтан ол үшін жұлқыласуға жол ашу.

Күрестің апаратыны шайқасу. Фашисттік ұлтшылдықтың

апаратыны болса басқаны кемсітіп‚ сәтін тапқанда оны

жұтып қоректену, қанау болғандықтан шапқыншылық

болып табылады. Мінеки осы негізгі принциптерінен Ба-

тыс мәдениеті мөлшер және ұсақ-түйектегі көптеген

әдеміліктеріне қарамастан адамзаттың тек жүзден жиырма-

сына бір түрлі бұлынғыр‚ өкінішті бақыт беріп‚ жүзден сексе-

нін қиыншылық пен жоқшылыққа тастаған.

Ал‚ Құранның өзгешелігі болса‚ ол сүйенетін тіре-

гі ретінде күш-қуатты емес хақты қабылдайды. Мақсаты

- пайданың орнына абзалдық пен Аллаһ ризалығын негізге

алады. Өмірде шайқастың орнына жәрдемдесу қағидасын не-

гізге алады. Ұлттардың байланыстарында туысқандық пен

ұлтшылдықтың орнына дін, кәсіпжәне отан сүйу байланыста-

рын қабылдайды. Мақсаты – нәпсінің заңды емес күрестеріне‚

шапқыншылығына кедергі болып, рухтың ұлы сезімдерін

қанағаттандыру және адамзатты кемелділікке жетелеу.

190