Previous Page  187 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 187 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

5) ҚҰРАННЫҢ ҮНЕМІ ЖАҢА БОЛУЫ

Құран барлық ғасырлардағы‚ әр деңгейдегі адамдарға

бағытталған мәңгілік үндеу болғандықтан да‚ әр ғасырда

жаңадан түскендей‚ әрдайым жаңа болуы керек еді.

Сондықтан да ол адамдардың еңбектері мен заңдары секілді

ескірмейді. Құранның үкімдері сондай тұрақты әрі тамырлы

болғаны соншалық‚ ғасырлар өткен сайын ол тамырын одан

ары тереңге жайып‚ қуаттана түсуде.

Өзіне тым сенген және Құранға қарсы істерден құлағын

басқан осы ғасырдың әһли кітап пен зиялылары! Құранның

«Ия әһләл-Китаб»‚ «Ей‚ Әһли-Китаб!» деген тәрбиелік мәні

тым үстем болған үндеуіне сондай мұқтаж болғаны сонша‚

әһли Кітаппен бірге әһли мектепті‚ яғни‚ оқымыстыларды да

қамтиды. «Ей, кітап иелері! Не үшін ақ пен қараны шатасты-

рып, біле тұра ақиқатты (Мұхаммедтің Таураттағы сипатта-

рын) жасырасыңдар?»

(Әли Имран, 71)

немесе «“Ей, кітап иелері

(яһудилер мен насаралар)! Сендер және біздер болып мынадай

ортақ бір ауыздылыққа келейік: Бір Аллаһқа ғана құлшылық

етейік, оған ешқандай ортақ қоспайық‚ Аллаһтан тыс бір-бі-

рімізді тәңір тұтпалық” деп айт»

(Әли Имран, 64)

- деген секілді

үндеу-шақырулар яһуди және христиан болған әһли кітаппен

бірге әһли мектепке, яғни‚ ілімдердің дамуымен шындықты

аңғару мүмкіншіліктері артқан зиялыларға ескерту еді.

Адамдар мен қауымдар қарсы шыға алмаған Құранға

қарсыбүкіладамзаттыңбілімінің,бәлкімжын-шайтандардың

пікірлерінің нәтижесіне сүйенген қазіргі батыс мәдениеті ере-

гесу жағдайын ұстанған. Бірақ Құранның «(Ей, Мұхаммед!)

“Егер‚ адамдар! жындар осы Құранға ұқсас Құран жаратпақ

болып жиналса, тіпті‚ біріне бірі көмектессе де, оныжарыққа

шығара алмайды»

(Исра, 88)

деген жекпе-жекке шақыруына

қарсы шыға алмай жеңіліп, адамзатқа не тұлғалық‚ не

қоғамдық арнада бақыт сыйлай алмаған.

189