

“Хикмет”
баспа үйі
түйіндер емес. Ол тек толық нақтылықпен лайықты бір орын-
да және бір жерде естілмеген көптеген белгілерді қамти оты-
рып қолданылған әрі тұқым секілді егілетін қорытындылар.
Мұндай нәтижелер толық бір мамандық пен қабілеттіліктен
кейін ортаға шыға алатыны соншалық‚ әрбір түйін тиісті
пәннің немесе ілімнің қорытындысы үкімінде болады. Демек‚
бұлардың барлығы бір ғана кісіден табыла қоймайды.
Енді мына төмендегі ережелерге мән берелік:
1) Бір кісі көптеген пәндердің маманы бола алмайды.
2) Екі бөлек кісінің айтқан бірдей мәндегі сөзі
жағдайларына қарай екі бөлек үкім алуы әбден мүмкін. Яғни‚
біреуінің ойына алтын, ал‚ екіншісінің көзінде көмірдің
ұнтағы болуы мүмкін.
3) Пәндер – пікірлердің бірлесуімен пайда болып, уа-
қыттың өтуімен дами береді. Әйтпесе, бір кемеңгердің өзі
кенеттен бір пәнді ойлап тапқанымен‚ оны дамытуға күші
жетпейді. Ол пән өсіп жатқан бір бала секілді соңғылардың
дамытуымен біртіндеп пісіп жетіледі.
4) Бұрынғылардың тек ойлағандары мен қиялдағандары
болған кейбір күрделі мәселелер‚ қазіргі замандағылардың
әдеттегі мәселелеріне айналған.
5) Өткен заман қазіргімен салыстырылмайды, араларын-
да көп айырмашылықтар бар, үкімдері өзгеше.
6) Шөлейт жердің тұрғындары ақ көңіл және қарапайым
адам болғандықтарынан, қазіргі таңның адамдарының
мәдениет пен нәзіктік пердесінің астында жасыра алатын
қулық-сұмдықтарын білмейді.Жасыра да алмайды. Олардың
әр істері ерлік еді. Жүректері мен тілдері бір еді.
7) Көптеген ғылым мен пәндер әдеттердің ықпалымен,
тәжірибелердің артуымен үйретілуімен және ортаның
жәрдемімен шығады. Алайда‚ Құранның мұндай тәжірибе-
184