

“Хикмет”
баспа үйі
мәліметтер‚ діни сенім негіздері, ғибадаттың үкімдері, аб-
зал істер мен әдептер, саяси, мәдени және қоғамдық ере-
желерді қамтуда. Рух тазалығы, жүрек тазалығы, жүректі
нәпсінің қалауларынан тыю, ар-ұждан тәрбиесі, дененің
саулығы, үй басшылығы, құқық, қарым-қатынас т.б секілді
ілімдердің басты принциптерінің кестесі - Құранда. Көптеген
жағдайда Құран негізгі принциптерді қойып, бірақ олар-
дан шығарылатын үкімдерді және ол негіздерге құрылатын
бөлшектерді ақылға және тәжірибеге тапсырған.
Осындай кітаптың қамтыған ілімдерінің үштен бірінің
өзі адамзат деңгейінің өте жетілген қоғамда өмір сүрген ең
ақылды адамында да болмайды. Сондықтан ар-ұжданы таза‚
ынсапты адам бұл кітаптың барлық кезеңдерде‚ әсіресе‚
бұдан бұрынғы ғасырларда адамзат тарапынан жазылуының
мүмкін еместігін қабылдайды.
Құранныңадамзаттыңқажеттіліктерінежеткіліктіболуы
- әр ғасырда және әр жерде, басқа ешбір дінде және жүйеде
кездеспейтін түрде адамдарға туралықты көрсетуі еді.
Құран адамдарды тәрбие жолымен мәбдә мен мә’адтың‚
дүние мен ахіреттің шындықтарына бұрған. Аллаһқа, періш-
телерге, кітаптарға, елшілерге, ахіретке иман тұрғысында
шындықты білдіріп, бұрыс сенімдерді жойған.
Адамдарды нәпсілерді тазалайтын, рухтарды қоректенді-
ретін ерікті күшейтетін, әрі тұлғаға‚ әрі қоғамға пайда келті-
ретін оңай және қарапайым құлшылықтарға бағыттаған.
Мінез-құлық арнасында адамдарға басты қасиеттерді әмір
етіп жамандықтардан тыйған‚ адамдағы ақыл, шәһуәт және
күш жұмсау секілді басты қасиеттердің шегінен шығуына‚ не
тым әлсіз болып қалуына тыйым салып‚ орташа жол ұстануға
бағыттаған.
Сенім жүйесінде болғаны сияқты қоғамдық жүйеде де
182