Previous Page  186 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 186 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

Құран, мәтінінің кемшіліксіз сақталатындығынан

және ұласатындығынан хабар берген

(Хижр, 10)

. Сауатсыз бір

қауымдағы 600 парақтық осы ұзақ мәтін 1400 жыл бұрын бір

сөйлемі де кемсітілместен және бір сөйлем де қосылмастан

халық ішінде Хақтың дәлелі ретінде қалған. Алайда‚ бұл үш

жүз жыл бұрынғы мәтіндердің өзіне қаншама күмәндар ай-

тылуда.

Исламның жеңісті болатындығын

(Нұр, 55)

білдірген. Бұл

кезде Мәдина қаласында бүкіл дүниенің дұшпандығын тар-

татын және материалдық жағынан олардың алдында еш

нәрсеге тұрмайтындай бір топ мұсылман отыз жыл өтпестен

Исламның туын бір жағынан Испанияға‚ екінші жағынан

Үндістанға тіккен.

Мекки болған (яғни‚ пайғамбарымызға (с.а.у.) Мек-

ке дәуірінде түскен) Қамар сүресінде, әлі үш-бес мұсылман

бар кезде және олардың соңы не болары белгісіз кезде,

алдағы уақытта мүшриктермен соғыс болатындығы - демек

мұсылмандардың санының артатындығы - сонымен бірге

ширк ордасының ойсырай жеңілетіндігінен

(Қамар, 45)

хабар

берген және бұл, алғаш Бәдірде жүзеге асқан.

Исламның жеңіспен Меккені алатындығын және тағы

басқа ғайб хабарларды Фәтх сүресі өз ішіне алған

(Фәтх, 27 және

16)

.

Мұсылмандардың

арасында

тартыс

пен

соғыс

болатындығын білдірген

(Әнғам, 65)

және бұл сахабалар

кезеңінің өзінде-ақ іске асқан.

Хазіреті Мұсаны (а.с.) қуып жүріп тұншыққан

Перғауынның денесінің сақталатындығын білдірген

(Юнус, 92)

.

Тәуратта жоқ, Құранға бар бұл хабар Құранның түскенінен

он төрт ғасыр кейін ашылған.

16

16

Маурицио Букаилле, Қасиетті кітап, Құран және білім, 350 - бет.

188