“Хикмет”
баспа үйі
де, қауымың да мұнан бұрын мұны білмеуші едіңдер» (
Һуд, 49)
‚
- деп ескертеді. Құранның бұл жағдайды мүшриктерге қарсы
дәлел ретінде айтуы және олардан ешбір қарсылықтың бол-
мауы да бұл мәселелердің ол төңіректе бұдан бұрын белгілі
емес екенін ашық көрсетуде.
Мұсылман еместердің Інжілдердің‚ әсіресе‚ Таураттың
заманы жағынан бұрын болғандығынан‚ бұл мәліметтердің
олардың алынғандығы жөніндегі жорамалдарының қолдау
табатын жағы жоқ. Өйткені, оларда көптеген жағдайда
Құрандағы түсіндірулер бар болғанымен‚ бұрмаланған
Таураттың түсіндіруінен кейде аз‚ кейде көп айырмашылық
бар. Бұл айырмашылық болған мәселелерде тарих ғылымы
Құрандағы мәліметтердің дұрыстығына куә болуда. Мысалы‚
доктор Маурисе Букайлле (Maurіce Bucaіlle) «Киелі Кітап,
Құран және Білім» деген кітабының 315-354 беттерінде бұл
мәселені мысалдармен зерттеп‚ дәлелдеп көрсеткен. Әлемнің
жаратылуы, Нұх топаны, Хазіреті Мұсаның (а.с.) Исрайл
ұлдарымен бірге Мысырдан шығуы, Мысыр Перғауынының
соңғы сәті туралы тақырыптарын егжей-тегжейлі зертте-
геннен кейін‚ ол‚ жоғарыда айтылған пікірдің ұстанатын
дәлелінің жоқтығын көз алдыға жайған. Өйткені‚ көптеген
мәліметтер Таурат немесе Інжілдерде орын алса да Құранда
орын алмаған. Керісінше, оларда болмаған кейбір белгілер
Құранда білдірген. Қиссалардың ол кітаптардағы түріне
қатты қарсылықтар болғанымен, Құрандағы нақылдыжоққа
шығаратын ешқандай қарсылық туылмады. Бұл да оның
(Құран) Аллаһ тарапынан уахи етілгендігін көрсетуде.
Әрі Құран бұрындары өтіп кеткен жағдайларды көз алды-
да болғандай етіп түсіндіруде. Өйткені‚ ол ұзақ бір оқиғаның
ең маңызды түйіні мен жанын алға тартып‚ өз мақсатына
кіріспе жасайды. Демек, Құрандағы бұл қортындылар ол
– бұрынғы оқиғаларды осылайша түйіндеп, барлық өткенді
186




