

“Хикмет”
баспа үйі
хақ пен ақиқатты жеткізу әрқашан оңай жылжымайды.
Қиыншылықтарға, сынақтарға толы болады. Сондықтан
бұл жағдайда болғандарға болсын, осы дүние деген қонақ
үйінде бәле мен ауыртпалықтарға душар болғандарға бол-
сын, сабырмен қайралып жарқылдайтындықтарын, жат
нәрселерден арылып таза күйге келетіндіктерін, осылай-
ша Аллаһқа лайықты құл, жәннатқа лайықты бір тұрғын
болатындықтарын адамдардың бір-бірлеріне айтып, жеткізу-
лері керек. Бұл сүренің лезде және қысқа бір ойлаумен ортаға
шыққан осы мазмұны да Имам Шафидің мына сөзін бекітпей
ме?: «(Құраннан) басқа ешбір сүре түспесе де, тек осы қысқа
сүренің (адамдардың дүние және ахіреттік бақыттарына
кепілдігі) өзі-ақ жететін еді. Тек осы сүренің өзі-ақ Құран
Кәрімнің барлық ілімдерін өз құшағына алған».
Құран ешбір нәрсені жарым-жартылай қалдырмаған.
Бірақ‚ бұл онда оқушы дәптеріндегі математикалық
мәселелердің шешімі, грамматика кітаптарындағы сөйлем
талдаулары, түрлі химия мен физика формулалары және
тығыздықтарыбар деген сөз емес. Былайайталық:Құран сізге
бір сандық алма бермейді. Оның орнынажер-жүзіне еніп алма
ағашына ие болатын қабілет береді. Физиканың заңдарын
тізбектемейді. Бірақ‚ физиканың заңдарын үйренуге және
қолдануға бағыттайды. Бір француз мақаласында: «Балықты
сыйға тартқан адамыңды бір күн тойдырарсың. Бірақ‚
балық аулауды үйреткен адамыңды күн үшін өмір бойы
тойдырарсың» - деген. Мінеки‚ Құран осыған нұсқайды.
Әлемнің сырларын ашу үшін Құран жақсылап ойлануды,
ақылғажұмыс істетудіқалайды.Нақтыдәлелгемойынсұнуды
шарт қылады, әмір және үкімдерінің себептерін мәңгілік
бейнеде көрсетеді. Бұрысқа сенуге тиым салады. Қоғамдық
заңдарына меңзегеніндей‚ табиғат заңдарына да меңзейді.
Көптеген ілімнің тақырыбы ретінде тәңірлік туралы
181