

“Хикмет”
баспа үйі
лермен анықталмайтын көптеген тұстары бар.
8) Адамзаттың табиғи өмірі болатыны секілді жасаған
заңдардың да табиғи бір өмірі бар. Құранның үкімдерін заман
ескірте алмаса‚ бұл оның иләһи болуынан еді.
Мінеки‚ осы қарсылық жасалмайтын нақты ереже-
лерді ақылға жақсылап орналастырып, қазіргі кезеңдегі
адамдардың армандарыменқиялдарынан‚ қоршаған ортаның
шүбәсі мен аңыздарынан (теріс нанымдарынан) сыдыры-
лып, осы ғасырдың жағалауынан сүңгіп кіріп‚ осыдан он
төрт ғасыр бұрынғы адамдардың жайымен Хижазға барып‚
Меккенің михрабынан және Мәдинаның мінберінен Құран
тыңдаса мәселе өте әдемі түрде түсінікті болар еді.
4) ҒАЙБ ХАБАРЛАРЫН ҚАМТУЫ
Құран Кәрім Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) секілді кісінің
білуі мүмкін емес жағдайларды білдіргендіктен, Алләмүл
ғұюбтан (барлық жасырын халдерді білгеннен) келгендігін
көрсеткен. Құранның ғайбтан хабар беруін екіге бөлуге бола-
ды.
а) Өткен шаққа қатысты ғайбтық жағдайларды білдіруі.
Құран сауатсыз қауым ішінде жетілген үмми (оқу-жазу
білмейтін) бір кісінің тілімен, Хазіреті Адамнан бақыттылық
ғасырына дейінгі көптеген Пайғамбарлардың үмбеттерімен‚
олардың араларында өткен түрлі оқиғаларды қамтиды.
Олардың едәуір бөлігінің Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.)
өлкесінде бұрын белгілі болмағаны анық. Шын мәнінде
Құран, Хазіреті Мәриямның туу қиссасы
(Әли Имран, 44)
мен
Хазіреті Юсуфтың қиссасынан
(Юсуф, 102)
кейін, ол жерде-
гі түсіндірілген оқиғалардың ғайб екендігін білдіргеніндей
Хазіреті Нұх қиссасының артынан: «(Ей, Мұхаммед!) Міне
бұлар - ғайып әңгімелері, мұны саған уахи етіп отырмыз. Сен
185