Previous Page  200 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 200 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

а) Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) күткен жағдайларда уахи-

дың келмеуі:

Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) машақат-қиыншылыққа,

қайғыға толы, сабыр тауысарлық ұзақ елшілігі бойынша

ауық-ауық бір үкім беруін, бір нәрселер айтуын керек еткен

сондай оқиғаларға тап болатын. Осындай жағдайларда бір

нәрселер айтуға қатты мұқтаж болатыны сонша сөз айту би-

лігі өзіне тән болғанда‚ сөз сөйлемей қалуы әсте мүмкін емес

еді. Соның өзінде күндер өтіп жатса да адамдарға оқитын бір-

неше Құран аят кәримәсын таппағаны көп болған.

Ифк оқиғасы бұл мәселедегі ең көрнекті мысалдардың

бірі еді. Бәни Мұсталық соғысынан ораларда Хазіреті Айша

(р.а) аманат болған алқаны жоғалтып алып, соны іздеп аз

уақыт артта қалып қойған еді. Осы кешігуді сылтау еткен

кейбір мүнәфықтар оның намысы жөнінде өсек-аяң айтып,

жасырын түрде жайған, кейіннен жаман ой туындаған.

Мүнәфықтар өсек-аяң қазанын бар күштерімен қайнатып‚

мұсылмандардың көңілдерін астан-кестең етуге тырысып

жатқан еді. Күндер өтіп‚ жүректер ауыздарға тығылды. Өсек-

жала көшкін бұлт елді кеулеп кеткен жатыр еді. Сыбыстар

шығар-шықпастан Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хазіреті Айшаға

(р.а.) әкесінің үйіне баруына рұқсат берді. Аллаһтан уахи кел-

мегендіктен оған нақты ешнәр е айта алмады. Тек: «Қазірге

дейін мен Айшаның жақсы істерінен басқа еш нәрсесін

көрмедім» - деген. Мәселені сұрастырып, жақын асхабымен

ақылдасып‚ бұл туралы барлық қайратын көрсетті. Сол ара-

да толық бір ай өтті. Бірақ‚ кім болса да ол туралы күмән

туғызатын ешбір іс-әрекетіне жолықпағандықтарына куәлік

етіп, айтып жатты. Оған қарамастан Оның (с.а.у.) айтқан

соңғы сөзі мынау болды: «Қара, Айша! Сен туралы мынадай

нәрселердің айтылғандығын есітідім. Егер күнәсіз болсаң

Аллаһ сені ақтайды. Жоқ‚ егер бір күнәға кірген болсаң‚

Аллаһтан кешірім тіле». Бұл, міне осындай жағдайда‚ тек бір

Пайғамбардың ғана айта алатын сөзі еді.

202