“Хикмет”
баспа үйі
Осы сөзді айтқаннан кейін дереу Нұр сүресінің басқа аят-
тары түсті. Онда Хазіреті Айшаның (р.а) күнәсіздігін былай-
ша жария етті:
31
“11. Сендерден бір топ адам (Айша туралы) өсек таратты.
Сендер оны өздеріңе залалды деп есептемеңдер, қайта ол сен-
дерүшінхайырлыболмақ.Өсекөргізушілерденкімқаншалық
күнә өткізсе, оған соншалық жаза беріледі, өсекті бас болып
көбірек таратқандар ауыр азапқа душар болады. 12. Бұны
естігендер ер-әйел мүминдер (діндестері үшін) хайыр ойлап:
“Бұл бір ап-анық өсек” деуге қалайша ауыздарың бармады?
13. Олар бұған неге төрт айғақ келтірмеді? Айғақ келтіре
алмаған екен, ендеше олар Аллаһтың қасында суайт санала-
ды. 14. Сендерге дүниеде және ахіре те Аллаһтың кеңшілігі,
мархаматы бұйырмаған болса, өсек айтып даттағандықтары
үшін әрине ауыр азапқа душар болар едіңдер. 15. Сол кез-
де ауыздарыңа келгенді көкіп, өздерің білмейтін қауесетті
тараттыңдар, мұны жеңіл іс деп санадыңдар, Аллаһтың
қасында ол (жала) үлкен күнә деп есептеледі. 16. Оны есті-
ген шақтарыңда сендер: Мұндай сөздерді айту бізге мінәсіп
емес. Иә, Аллаһ, сен пәксің! Мұнау бір сұмдық жала деп неге
айтпайсыңдар. 17. Егер мүмин болсаңдар, Аллаһ сендерге
ендігәрі мұндай сөзді қайталамауға насихат етеді”
(Нұр, 11-17)
.
Мұнда мынаған көңіл аудару керек: бұл аят
кәримәлардағы шеберлік, өктемдік (беделділік) тәсілімен
Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) тартыншақтаған, сақтық
сөзі арасында бір байланыс бар ма? Егер оның Құранда өте
кішкентай үлесі болғанда өзінің дәрежесін, намысын, сон-
дай-ақ‚ жұбайының намысы мен қадірін өсек-аяңнан ақтау
үшін осы сөзді бірден мәселенің басында айтып, жала жапқан
өсекшілердің ауыздарын жабар еді. Бірақ, Аллаһ Тағаланың
31
Бұл оқиғаның егжей-тегжейлі білдірген хадис Бухари мен Муслимде бол-
са керек. (Бухари, К. Тәпсір, Нұр сүресінің тәпсірі).
203