Previous Page  207 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 207 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

Әйтпесе‚ бұл істің кешіктірмекші емес еді. Ақыры Зәйд Зей-

непті талақ етті. Бірақ ол екеуі де өздерін күтіп тұрған соңғы

істерден мүлде хабарсыз еді. Зейнеп иддәтін бітіргеннен кейін

Хазіреті Пайғамбар (с.а.у) Аллаһтың әмірімен оған үйленді.

Бұл кезде Пайғамбарымыз (с.а.у) 54 жаста‚ ал Зейнеп болса

36 жаста еді. Мінеки, мына сөгіс аят кәримәлары осы оқиғаға

қатысты түскен:

«Аллаһ та жақсылыққа кенелткен, сен де игілікке ке-

нелткен адамға: «Әйеліңді қоя берме, Аллаһтан қорық»

дедің. Аллаһ аян етпек болған істі сен көңіл түкпіріне бүктің.

Ел-жұрттан (кекеп, мұқай ма деп) қорықтың. Әсілі Аллаһтан

қорқуға тиісті едің. Мүминдер асырап алған балалары

әйелдерімен бітіскен (ажыраған) кезде олардың әйелдерін өз

некесінеалуданқиналмауыүшінбізЗәйд(яғниПайғамбардың

(с.а.у.) асыранды баласы) әйелін шығарған соң оны (Зей-

непті) сенің некеңе бұйырдық. Аллаһтың (сенің Зейнепті

алуың туралы) әмірі, сөз жоқ, орындалады. Пайғамбарларға

Аллаһ бұйырған істе күнә болмайды. Бұрынғы өткендерге де

Аллаһтың тұтқан жолы осы еді. Аллаһтың әмірі - өзгермес

үкім. Олар (пайғамбарлар) Аллаһтың әмір-пәрмендерін жет-

кізеді. Аллаһтан қорқады. Одан басқа ешкімнен қорықпайды.

Есеп алуға Аллаһтың күші қаптал жетеді»

(Ахзаб, 37-39)

.

Хазіреті Айша (р.а.) бұл мәселе туралы: «Егер Расулұллаһ

(с.а.у.) өзіне уахи етілген Аллаһтың кітабынан бір нәрсе

жасырған болса, мына: «Аллаһ аян етпек болған істі сен көңіл

түкпіріңе бүктің. Ел- жұрттан қорықтың. Әсілі Аллаһтан

қорқуға тиісті едің» - деген бөлікті жасыратын еді» - деген.

37

Қорытынды ретінде мына бір оқиғаны мысал етейік. Ха-

зіреті Пайғамбар (с.а.у) Құрайшқауымының атақтыларының

кейбіреулеріне дінді түсіндіріп жатқан еді. Оның бұл ісінен

хабарыжоқ соқыр Абдұллаһ Ибн ҮммиМәктум есімді мұсыл-

37

Табари, Тәфсир, ХХІІ, 11.

209