Previous Page  205 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 205 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

ді»

(Әнфәл, 66, 68)

.

Бұл бөлімде қатты назар аударарлық жағдай бар. Ал-

дымен бұл істің қате екенін білдіріліп, қатаң түрде жоққа

шығарылып, артынан дереу қабыл етіліп, Расулұллаһтың

(с.а.у.) көңілі ауланады. Тіпті‚ бұл әрекет кейіннен бір ере-

же қалпына келтіріледі. Ашудың гүрілдеумен ризалықтың

күлімсіреуінің арасы бөлінбей‚ оны бөлетін ешбір нәрсе кір-

мей-ақ‚ бір кісіден бір сәтте көрінуі мүмкін емес. Бірақ‚ оның

мүмкін екендігі түсінілгенде, екінші ризалық пікірі бірінші

болған ашуды өшіреді. Бұндай жағдайда егер қойылған үкім

де сол бағытта болса‚ ашуды білдірген сөзді айтуы назарды ау-

дармайтын еді. Психология ғалымдары бұл бөлімді оқығанда,

мұнда бір-бірінен бөлек екі мінездің бар екендігін, бұл

сөздің былай деген төрешіге тән болғандығын қабылдайды:

«Жасаған ісің тым жақсы емес, мұнымен бірге сені кешірдім

және бұл тұрғыдағы істе саған рұқсат бердім».

35

Құранның отбасылық өмірде жасаған төңкерістерінің

бірі - бала асырап алу (тәбәнни) дәстүрін жойып, отбасы

қатынастарын табиғи негізге қарай реттегені. Сол кезге дей-

ін арабтар, асырандыны шын әкесіне бағыттап емес, асы-

рап алғанға қарай ат қоятын. Бұл әдет Ахзап сүресінің 5 аят

кәримәсымен жойылды.

Расулұллаһ (с.а.у.) Зәйд Ибн Харисәні қатты жақсы

көретін. Пайғамбарлықтан бұрын оны асырап алып, кейін

азат етіп, азат еткен күңі Үмму Әйманмен үйлендіріп, одан

кейін тағы апасының қызы Зейнеппен некесін қиған еді.

Өйткені ол Зейнеп Зәйдпен тұра алмады. Себебі, өзіндей

текті азат құл болған Зәйдке лайық көрмеген еді. Тек Ха-

зіреті Пайғамбардың (с.а.у.) көңілі үшін Зәйдті қабыл

еткен еді. Оған бір түрлі жылына алмады. Тектілігімен

мақтанатын еді. Бас қосулары бір жылдан асты. Зәйд бі-

35

Сол туынды, 17-18 беттер.

207