“Хикмет”
баспа үйі
бал шәрбәтін берген еді. Пайғамбарымыз (с.а.у) да ол жерде
күндегісінен көптеу уақыт болған еді. Бұл жағдай Хазіреті
Айшаның қызғануына жол ашып, әйелдерінің бірі Хазіреті
Хапсаға Хазіреті Пайғамбар (с.а.у) қасына келгенде қалжың
мақсатымен одан магафирдің иісі шығып тұрғандығын ай-
туын өтініп, осыны араларында ойластырған еді. Магафир
– ағаштың шайырының сасыған иісі. Олар ойлағандарын
істеді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) магафир жемегендігін, бал
шәрбәтін ішкендігін айтты. Сонда олар Пайғамбарымызға
(с.а.у.) балды жасаған аралардың ол жаман сасыған ағаштан
алуы мүмкін екендіктерін айтты. Пайғамбарымыз (с.а.у.)
ендігәрі бал шәрбәтін ішпейтіндігін білдірді. Сонда мына аят
кәримәмен басталған Тахрим сүресі түсті:
йЕй, Пайғамбар! Аллаһтың саған халал еткен нәрсесін
қалайша жұбайларыңды ризаламаққа бола арам етесің?
Аллаһ өте кешірімді, өте мейірімдій
(Тахрим, 1)
.
Бәдір жеңісінде тұтқынға алынған мүшриктерге не
істеу керек тұрғысында Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) асха-
бымен ақылдасып, нәтижесінде толымды болған пікір-
ге қарай қимылдап, фидия алып‚ оларды қоя берген еді.
Осыған орай түскен аят кәримәлар кәпірлердің алдыңғы
қатардағыларының өлтірілулерінің басқа кәпірлерге мүлдем
жақсы сабақ болатындығын баяндады:
«Жер жүзінде дұшпанды көбірек жоймай тұрып, тұтқын
ұстау ешбір пайғамбарға лайық емес. (Әй, мұсылмандар, сен-
дер төлем алып) дүние пайдасын көздейсіңдер Аллаһ сендерге
ахіретті тілейді. Аллаһ – аса үстем, хикмет иесі, Аллаһтың
(ашық тиым салынбаған істі (жаза) істегендерді жазаламау
деген) бұрынғы үкімі болмаған болса, (тұтқындардан) бодау
алғандарың үшін ауыр жазаға душар болатын едіңдер. Олжа
ретінде алған алал, таза нәрселерді жеңдер және Аллаһтан
абай болыңдар. Расында Аллаһ өте кешірімшіл аса мейірім-
206