“Хикмет”
баспа үйі
ман оның қасына барып: “Аллаһтың саған үйреткендерінен
маған да үйрет, уа Расулаллаһ!” - деді және ол сөздерін бір-
неше рет қайталады. Алайда Пайғамбарымыз (с.а.у) Уәлид
немесе Үмяйя Ибн Хамд секілді қоғамға ықпалы күшті
басшылардың бірін көндіруге тырысып жатқан еді. Бұл адам-
дар өздерінің жанында кедейлер болып, олардың сөзге арала-
суларын жақтырмайтын еді. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у) осы
қысылтаяң жағдайда оның осылай айтып, өз сөзін бөлуінен
қысылып, қабағын түйіп‚ басқа жаққа бұрылды. Осыған орай
мына сүре түсті (Бұдан кейін осы кісі қасына әр келген сайын
Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған: «Ей, сен арқылы Раббым мені
сөккен кісі! Қош келдің!» - деп және шапанын оның астына
жаятын):
«Жанына соқыр келіп еді,
қабағын шытып, теріс айналды
Сен қайдан білесің (сенен алған тәліммен), бәлкім ол та-
зарып
‚
пәк адам болып шығар
Немесе насихатты естіп, оған тәрбие қонар
Ал
‚
енді ісі түспейтіндей сердең біреулер келсе
Оларға икемделесің.
Ол тазарып ағармаса саған не түспек?
Ал Аллаһтан қорқып, саған жүгіре басып келген адамға
нараусың
»
(Абәсә, 1-10)
.
Бұл сөгіс аят кәримәларының тағы басқа бірнеше мысал-
дары бар.
Осы сөгіс тудырған барлық жағдайлар көз алдынан
өткізілсе‚ ол сөгістердің мына мәселелерден болғандығы
анықталады: Расулұллаһ (с.а.у) мұбах болған екі жорамал-
дың арасында қалғанда тыңдаушылардың һидайәтына,
210