“Хикмет”
баспа үйі
раз сабыр етсе де, соңында Пайғамбарымызға (с.а.у.) барып
ажырасқысы келетіндігін айтты. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у)
да бірге тұра алмайтындықтарына көзі жетіп, Зәйдке ашып
айтпай: «Әйеліңді жаныңда ұста» - деді. Аллаһ Тағала ел-
шісіне Зәйдтің оны талақ ететіндігін және өзінің онымен
үйленетіндігін көңіліне салған еді. Расулұллаһ (с.а.у.) тек
өзінің кірісуімен болған бұл үйленуден апасының қызы
Зейнептің және жанұясының қадірсіз қалған мәртебесін
қалпына келтіру үшін олар ажырасқанда‚ өзінің Зейнепке
үйленуін орынды деп түйді. Сонымен бірге‚ Аллаһ Тағала
тәбәнни (бала асырап алу) әдетін мүлдем ортадан қалдырып,
асыранды баласының ажырасқан әйелімен әкенің үйленбеу
әдетін жоймақ еді. Әдеттер рухтардың тереңдіктеріне та-
мыр жайғандықтан оларды өзгерту оңай емес еді. Кейде жол
бастаушылардыңістеуінкерекететін.Пайғамбарымыз (с.а.у.)
Исламның теңдік принцибін көрсету үшін, тұқым қуалаған
тап айырмашылықтарын қабыл етпейтіндігін білдіру үшін,
баласы ретінде болған Зейдке апасының қызын алып берген
еді. (Өзі онымен үйленгісі келсе, мұны оңай-ақ істей алатын
еді және онсыз да апасының қызы болған Зейнептің жанұясы
бұл істен мәртебе табатын еді).
Иләһи хикмет Расулына (с.а.у.) жүктеген елшілік
жүктерінің арасында асыранды жүйесінің нәтижелерін
күшінен қалдыру және асыранды баласы Зейдтің ажырасқан
әйелімен үйлену ісімен оны сынаған еді. Әлгінде ғана
айтқанымыздай Аллаһ мұны оған аян еткен. Иман тұр-
ғысында ешбір нәрседен тартынбаған, батыл Расулұллаһ
(с.а.у.) мәселе өзжеке басымен байланысты болғандықтан бұл
істе іштей қауымына жаман көрінгісі келмей‚ мұны кешікті-
ріп жатқан еді.
36
Аллаһтың білдіруімен істің келмегендігі де‚
Одан (Аллаһтан) ашық әмір келмегендігі үшін қауымының
бұл іске тым қатты қарсы шығуынан шегініп тұрған еді.
36
С. Кутуб, «Фи Зилалил-Құран», Ахзаб сүресінің тәфсирі, 22 жүз, 27 - бет
208