“Хикмет”
баспа үйі
жақындарына мархаматқа және дұшпандарының көңілдерін
табуға ең ыңғайлысын, дөрекіліктен, қаттылықтан және дін-
ге күмән келтіруден алыс болғанын таңдайтын. Ашық әмір
болмағандығы үшін осы оймен қателескен бір мүжтәһид не-
месе абзал болғанын орындамаған адамның күйінде болады.
Яғни‚ кешірілген әрі сауапқа жеткен халде болады. Ескерту
алған оқиға адамзаттық ойларымен болған және нәтижеде ең
нақты үкімді Аллаһ жіберген әрі ол үкімге мойынсұнған.
38
Құран Кәрім болса иләһи хикмет таразысында‚ тіпті‚ нақты
болғанын білдірген. Негізінде ақылмен қарасақ бұл сөгістерге
себеп жоқ. Тек Рұбубийет (Әлемді тәртіпке салған Рабб)
билігінің ұбудийет (құлдық) мәртебесіндегіні үйрету және
тәрбиелеу сатыларында жоғарылатуы деген еді.
Қорыта айтқанда, Құранның тек уахи болғандығын
ортаға салады. Хазіреті Пайғамбар өз пікірінің нақты еме-
стігін білсе де‚ өзі туралы осы секілді ащы сөздер қолданып‚
осылай қатаң түрде сөгер ме еді? Керісінше‚ бұл мәселерде
үндемеумен өзінің кемшілігін жауып және төңірегінің өз
пікірлеріне деген құрмет әрі құлақ асуын сақтау қамына
түспейтін бе еді? Құран оның өзінен бастау алатын бір сөз бол-
са, аз дегенде осыларды жасырар еді.
39
***
Осының барлығынан білетініміз Құран - Әлемдердің Раб-
бы сипатымен Аллаһтың сөзі. Оның пәк билігінің мәңгілік
бұйрығы. Басында кейде құпия белгі болған өте маңызды
нұсқаулар журналы.
38
Бәдір соғысының тұтқындарымен болған жағдайдағы секілді бірне-
ше жерде Хз. Омар керемет даналық көрсеткен. Бұл даналық шешімдері
көбіне оның табиғи қаталдығынан болған. Дәл осы қаталдығы Худәйбия
оқиғасында оны Аллаһтан ұзақтата жаздаған болатын. Олай болса оның
асқан дәлдікпен төрелік етуі тек Аллаһ ж.ж. біле алатын ақиқаттарды бі-
луінен емес, кездейсоқтық деп білу дұрыстау болады. (Мұхаммед А. Дераз,
Ән-Нәбәуль-Азим, 19 - бет)
39
М. А. Дераз, «Ән-Нәбәул-Азим», Нәбә, 18 - бет.
211