“Хикмет”
баспа үйі
атымен өтірік айтудың жауапкершілігін өте жақсы білетін
Ол болғандықтан, адамдардың не айтқандарына қарамай,
толық мойынсұнушылықпен Оның үкімін күткен еді.
32
Бір
сағат күтуге де шыдам жетпейтін бұл жаланың анық-қанығы
туралы Аллаһтың хақ аяты толық қырық күн өткеннен кейін
келеді.
Тағы бір оқиғаға назар аударалық: Расулұллаһ (с.а.у.)
Кағбаның құбыла болуын ішінен қалайтын-ды. Ол жайлы
бір уахи келе ме деп күшті ынтамен күтуде еді. Осылайша
он жеті ай күткеннен кейін Кағбаға бұрылуды білдірген бір
аят кәримә
(Бақара, 144)
33
келді. Егер Құран өзіне тән болғанда
әрі өзінің, әрі өзіне бағынғандардың бұл қалауларын дереу
жүзеге асырып, қиындықтан арылтпайтын ба еді?
Хазіреті Пайғамбардан (с.а.у) Асхабы Кәһф, Зұлқарнайн
және рух туралы сұралғанда, ол да: «Ертең жауабын беремін»
деп‚ «иншааллаһ» деуді ұмытып кеткен еді. Іс жүзінде жауап
көп кешікті. Құрайш мүшріктері оны «өтірікші»деп шығар-
ды. Міне осыған байланысты: «Сен ешбір істі “Ертең соны
сөзсіз істеймін» деме. «ЕгерАллаһ бұйырса» деген сөзді қосып
айт. (Бұл сөзді) ұмытсаң Раббыңды есіңе ал да: «Раббымның
мені дұрыстыққа мұнанда жақынырақ жолға салуын үміт
етемін” деп айт» - деген аят кәримәлары түсті. Уахи бірнеше
күн кешіккенде Пайғамбарымыз (с.а.у.) Жәбірәйілден (а.с.)
себебін сұрады. Аллаһ Тағала да Жәбірәйілге (а.с) былай де-
уін уахи етті: «(Жәбірейл‚ айт): Біз (дүниеге) Раббыңның
әмірімен ғана түсеміз, біздің алдымыздағы, артымыздағы
және осы екі арадағы істерді білу Аллаһқа тән. Раббың әсте
ұмытпайды»
(Мәриям, 64)
.
32
М. А. Дераз, «ән-Нәбәул-Азим», 17 - бет.
33
«(Мұхаммед ғ.с.) Сенің жүзіңнің көкке қарап жүргенін әрине көрудеміз,
сондықтан да өзің разы болған қыблаға қаратамыз. Енді жүзіңді Харам Ме-
шітіне қарай бұр! (...)». (Бақара, 144)
204