q
q
3
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ ЖӘНЕ ОРТА
АЗИЯ МҮФТИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ,
БАС МҮФТИ, ШЕЙХ ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІ
ДІН, ОТАНДЫ СҮЮЖӘНЕ
ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІК
Туған жерге, отанға деген сүйіспеншілік – терең
иманнан туындайтын сезім. Қасиетті Құран кәрімде
«отан», «отаншылдық» деген ұғымдар кездеспейді.
АлайдаАлла тағалаонда:
«ӨздеріңеАлланыңберген
нығметін еске алыңдар. Сендер бір-біріңе дұшпан
едіңдер, Ол жүректеріңнің арасын жарастырды,
Оның игілігімен туысқа айналдыңдар»
(«Әли-
Имран» сүресі, 103-аят) деп бір-біріне рухани
желімен көгенделген бүкіл иманды жандарды бауыр,
туысқан дей отырып осы бауырлықтан артық ешбір
қатынас түрі жоқ екендігін білдірген.
Жалпы мұсылман үмбеті ешқандай этникалық
шектермен бөле-жарылмайтын бір бүтін әлеуметтік
және мәдени құбылыс. Мұсылмандықты қисапсыз
көп ұлттар мен ұлыстарды түрі мен нәсіліне қарамай
бір шаңырақ астына біріктірген бүкіләлемдік
бауырмашылдық деп есептеуге де болады. Алайда
бұл ақиқат мұсылман баласы өз ұлтынан бас тарт-
сын, халқынан безсін, отанын құрметтемесін, ұлттық
мәдениетінен қол үзсін дегенді білдірмейді. Құран
адамзаттық өркениетті байыта отырып, әрбір ұлттың
өз болмысын сақтағанын, олардың бір-бірімен
тәжірибе мен дәстүр алмастырғанын құптайды.