Previous Page  8 / 28 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 28 Next Page
Page Background

q

q

8

Дін және Отан

игілік тілеп, дұға жасар едім»

деген болатын, Сон-

да маңындағылар оның себебін сұрағанда:

«Мен өзім

үшін дұға етсем, дұғам өзімнен өзге ешкімге пайда

әкелмес. Ал сұлтанымызға дұға етіп, оған Алланың

мейірімі түссе, онда көптеген ұлттар, ұлыстар

мейрімге бөленер еді»

деп жауап қайырыпты.

Алланың дінінде зорлық, өзара соғысу мүмкін

емес. Соғысатындар – надандар, білімсіздер не-

месе дінді жамылып саяси ұпай жинауды мақсат

еткендер. Өркениеттер арасында да соғыс жоқ. Ис-

лам ешкіммен соғыспайды. Ислам – гуманизм діні.

Біз Алланың сый еткен өмірін қастерлейміз. Сол

себепті ешкімге қиянат жасамаймыз. Олай жасау ис-

лам қағидаларына қайшы келеді. Ислам – ынтымақ,

бірлік діні. Сол себепті халқымызға құраншылар,

салафиттер, зікіршілер және басқа да дінді же-

леу етіп жіктелушілерге, бөлінушілерге қарсымыз.

Біз адасып жүргендерді Алланың ақ жолында

бірігуге, бейбітшілікке, тыныштыққа шақырамыз.

Мешіттеріміз ғибадат ғана емес, сондай-ақ рухани

білім ордасына айналуы үшін де күш саламыз.

Үкімет, билік, мемлекет әлсіресе, криминал атқа

мінеді. Сол себепті біз Отанымыздың күшті де қуатты

болғанын қалаймыз.

Мәдинаға һижрат жасаған уақытында Адамзаттың

ардақты елшісі хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) те Хазрауа

деген жерге жеткенде түйесін тоқтатып, кіндік қаны

тамған Меккеге жабырқаған көңілмен қимай ұзақ

қарап тұрып: – Уаллаһи, сен жер бетіндегі ең көрікті,

ең сүйікті мекенсің. Мен үшін сенен артық жер жоқ.

Егер тағдыр тауқыметіне ұшырамағанымда, өзіңнен

бір сәтке де алыстамас едім, – деген екен.

Тағы бір жолы Ұхуд тауына қарап:

«Біз Ухудты

жақсы көреміз, Ұхуд та бізді жақсы көреді»

дегені