Previous Page  14 / 28 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 28 Next Page
Page Background

q

q

14

Дін және Отан

студент жастарға шәкіртақы беріліп отырады. Бұл сол

елдің болашағына жасалған қамқорлық екені сөзсіз.

Өйткені бір тағылымды кеңесте

«Бір жылыңды

ойласаң, егін ек. Он жылыңды ойласаң, ағаш ек. Жүз

жылыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле, білімге көңіл

бөл»

делінген. Соңғы ғасырлардағы ірі ғұламалардың

«Мұсылмандарды артта қалдырып отырған үш

кесел: білімсіздік, өзара алауыздық, кедейлік»

деп

атап көрсеткендей, бүгінгі күнгі көзі ашық, көкірегі

ояу мұсылмандардың елге деген жанашырлығы жас

ұрпақтың заманға сай озық білім алуына, сондай-ақ

ұлтжандылық пен мұсылмандық тәліммен де сусын-

дауында жатыр.

Ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының

«Балам

деген жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан

шықсын?!»

деген ұлағатты пікірі де өте маңызды.

Демек отанға деген сүйіспеншілік ел игіліне

жасаған жақсылықтармен өлшенбек. Әлі күнге

есімдерін ел құрметтеген Әбу Насыр әл-Фараби,

Иүгүнеки, Баласағұн, Йасауи, Бақырғани, Керде-

рилер Мұхаммед Хайдар Дулати - бәрі де отан-

ды гүлдендірген, елге, жерге адал қызмет еткен

жандар еді. Құранда ешбір жақсылықтың бекер-

ге кетпейтіндігі, Алладан сауап жазылатындығы

айтылған:

«Кімде кім тозаңдай жақсылық жасаса,

міндетті түрде сауабын алады»

(«Зилзәлә» сүресі,

7-аят).

Мешіт медреселердің бүгінгі күні ізгі жандардың

қолдауымен қайта жандана бастауы да туған елге,

отанды гүлдендіруге деген ниеттің көрсеткіші. Алла

тағала оларды шексіз сый-сыяпатына бөлесін.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Адам қайтыс бол-

са да үш түрлі адамның әжір сауаптары амал

дәптерлеріне көзі тірі кездегідей барып тұрады.